Гибридтік ота немесе құтқарылған бір өмір тарихы

2016 жылғы 22 сәуірде ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының жүрек-қантамырлар хирургиялық бөлімшесінде Талдықорған қаласының азаматы 1954 ж.т. Войтюк Александр Григорьевичтің жүрегіне және іш аортасына бір уақытта гибридтік ота жасалды. Отаны МОА хирургия бойынша бас дәрігердің орынбасары Мендыкулов С.Е., рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мусаев С.С., жүрек-қантамырлар хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Албаев Р.К., кардиохирург дәрігер Жакиев Т.Б. және интервенциялық рентгенхирургиясының дәрігері Землянский А.В. жасады.

Пациент Войтюк Александр Григорьевичтің айтуы бойынша оған іш аортасының аневризмі атаулы диагнозды 2016 жылы қаңтарда Талдықорған қаласында қойған екен. Пациенттің отбасы ота жасау үшін көп уақыт бойы медициналық ұйымды іздеумен болған. ҚР ПІБ МО Ауруханасында осындай отаны жасауға болатынын білгеннен кейін, бірден клиника мамандарына тілдескен.

Александр Григорьевич: «ҚР ПІБ МО Ауруханасы туралы білгеннен кейін, мен бірден туған қалам Талдықорғандағы порталға тұрып, квота алдым, отбасым ота жасалатындықтан Астанаға келді. Ауруханаға келе салысымен біз хирургиялық бөлім меңгерушісі Албаев Рустам Куанышбековичпен кездестік. Ота жасау алдындағы тексерулерде жүрекке қатысты қиындықтар анықталды. Үзіліспен отаны екі рет жасауға келмейтіндігі анық болды. Біріншіден, жүрекке шунттау жасалса, іш кез-келген сәтте жарылып кететін болды. Ал ішке стентграфт қойғанмен, жүрек наркозға шыдамайды екен. Дәрігерлер гибридтік ота жасауға бел буды. Емдеуші дәрігер бізбен әңгімелескеннен кейін, біз ота жасауға келісімімізді бердік» деп әңгімелейді.


2016.04.22 гибридная операция 1


Қазақстанда алғаш рет 2015 жылы дәл біздің Ауруханада медициналық визуализация жабдығын қолдану арқылы пациентке бір мезетте бірнеше ота жасауға мүмкіндік беретін  гибридтік операция жасайтын бөлме жасақталғандығын айта кету керек. Науқастың мүшкіл жағдайына қарамастан, ота сәтті өтті, қазір Александр Григорьевич өзін жақсы сезінеді және ауруханадан шығуға дайындалуда. Пациент МОА медициналық персонал кәсіпқойлығын атап өтті: «Еліміздің барлық дәрігерлері осы медициналық ұйымда,  әсіресе хирург дәрігерлері,  тағылымдамадан өтсе екен. Аса күрделі ота кезінде дәрігерлер қалай жұмыс істейтіндігін көрсе екен деген тілегім бар. Сол себепті менің денсаулығыма қамқор болған МОА дәрігерлеріне, мейірбикелеріне үлкен алғыс білдіремін.  Тағы да айта кетейін дегенім, үнемі ұмыт қалатын жандар, олар - санитар әйелдер. Олардың ауыр жұмыстары, төзімдері, олардың осының бәрін пациент денсаулығы үшін еш аянбайтындығы. Маған көрсеткен ықыластары үшін барлығына, әрине біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шексіз ризашылығымды білдіргім келеді. Барлықтарына денсаулықты, жақсылықты Құдай берсін!».

Бұл біздің Ауруханада жаңашыл технологияларды қолданумен жасалған көптеген отаның тек біреуі ғана, шын мәнінде – бұл үмітсіз қалған тағы бір өмірдің құтқарылуы, жақын адамның отбасына оралуы. 



2016.04.22 гибридная операция 2