Біліктілікті арттыру және қайта даярлау

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК ШЖҚ 2019 жылғы 3-4 мамыр ҚР  танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне кіретін «Білім беруді және денсаулық сақтауды сапамен қамтамасыз ету және аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының (бұдан әрі – АЕО) ҰУ сыртқы сараптау комиссиясы өткізген, үздіксіз кәсіби даму саласында (қосымша білім беру) институционалдық аккредиттеуден өтті. АЕО Аккредиттеу Кеңесі сыртқы сараптау комиссиясының бағалау қорытындысы бойынша, Ауруханаға 5 жыл мерзімге 24.05.2019 ж. №IA00009 сертификатын бере отырып, қосымша білім беруді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйым мәртебесі берілді.

Қосымша білім беру кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау түрінде жүргізіледі. 

Кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;

Кадрларды қайта даярлау – басқа медициналық немесе фармацевтикалық мамандықты тиісінше игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны; 

Қайта даярлау «Медициналық және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 744 бұйрығымен бекітілген Медициналық және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы шеңберінде мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

НПР аккредитация

Қайта даярлау және біліктілікті арттыру циклдерінің тақырыптық жоспары

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҚР ПІБ МОА) ҚР ПІБ МОА базасында «Медициналық генетика» мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың ақылы циклдары, «Медициналық генетиканың өзекті мәселелері» циклы өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Бағалар прейскуранты

Ресімдеуге арналған құжаттар тізбесі