Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Патологоанатомиялық бөлімшенің патологоанатом-дәрігері

1. Лауазымдық міндеттері:

Мәйіттердің аутопсиясын және секциялық материалдың гистологиялық сараптамасын жүргізеді.

Көрсетілген кезде микробиологиялық, вирусологиялық, цитогенетикалық, биохимиялық арнайы зерттеулерге материал жинайды.

Қажет болған жағдайда секциялық материалды жедел микроскопиялық зерттеуді және басқа да қосымша зерттеулерді жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен әдістемелік нұсқауларға сәйкес секциялық, хирургиялық және биопсия материалын микроскопиялық зерттеуді қамтамасыз етеді.

Фотосуретке түсіру, клиникалық-патологиялық конференцияларда көрсету немесе мұражайлық препараттарды дайындау үшін микрослайдтарды құрастырады, бұл туралы патологиялық зерттеу хаттамасына (карточкасына) тиісті жазба жасайды.

Емдеуші дәрігерлерге қажетті түсініктемелер береді және патологиялық диагнозды, клиникалық-патологиялық эпикризді және өлім себебі бойынша қорытындыны тұжырымдайды.

Егжей-тегжейлі клиникалық-патологиялық эпикризді құрастырады, онда ол патологиялық диагнозды негіздейді, оның клиникалық диагнозбен сәйкестігін немесе сәйкес еместігін атап өтеді, ал соңғы жағдайда сәйкессіздіктің себебін көрсетеді.

2. Білуі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
  • медициналық ұйымның жоспарлы жұмысын ұйымдастыру;
  • клиникалық, аспаптық және зертханалық диагностиканың жалпы принциптері мен негізгі әдістерін;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі тәртібі мен стандарттары;
  • аурулардың халықаралық және отандық классификациясының негізін, денсаулық сақтауды, халықты гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру; еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы және медициналық-әлеуметтік сараптама негіздері.

3. Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» мамандарын даярлау саласындағы жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер)», «Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер, балалар)» маман сертификаты. Мүмкіндігінше жұмыс тәжірибесі мен біліктілік санаты бар.

4. Жеке қасиеті: жауапкершілік, жүйелі ойлау, күйзеліске тұрақтылық, командада жұмыс істей білу, жазбаша қарым-қатынас жасау дағдылары, көп мәселелік.

Мекенжай: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 80

Байланыстағы адам: Шомакова Жанат Темиркуловна

Телефон: +7 (717) 270 78 80 (ішкі: 72-53)

Электронды адрес: Shomakova@bmc.mcudp.kz

Аурухана серіктестері