Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының дерматокосметолог дәрігері

  30.01.2024

1. Лауазымдық міндеттері:

Тері аурулары бар пациенттерге емдік-диагностикалық және консультациялық көмек көрсету.

Косметологиялық жабдықты пайдалана отырып, бекітілген тізбе бойынша косметологиялық рәсімдер жүргізу.

Тиісті дәрігерлік манипуляцияларды орындау.

Еемдеудің озық нысандары мен әдістерін енгізуді жүзеге асыру.

Тері аурулары мен қартаюын емдеуде қолданылатын түрлерінің тиімділігіне талдау жасау.

Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

2. Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;

аурулардың халықаралық және отандық жіктемесінің негіздері; еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері;

медициналық сақтандыру негіздері.

3. Біліктілікке қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» мамандарын даярлау саласындағы жоғары білім және (немесе) тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, «Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектер)» маман сертификаты. Мүмкіндігінше жұмыс тәжірибесі мен біліктілік санаты бар.

4. Жеке қасиеті: жауапкершілік, жүйелі ойлау, күйзеліске тұрақтылық, командада жұмыс істей білу, жазбаша қарым-қатынас жасау дағдылары, көп мәселелік.

Мекенжай: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 80

Байланыстағы адам: Шомакова Жанат Темиркуловна

Телефон: +7 (717) 270 78 80 (ішкі: 72-53)

Электронды адрес: Shomakova@bmc.mcudp.kz


Аурухана серіктестері