«Ұйқы зертханасы» функционалдық диагностика бөлімшесі

Қазақстанда ұйқының бұзылуын, атап айтқанда ұйқының обструктивті апноэ синдромын диагностикалау мен емдеудің аса маңызды мәселелерін шешу сәті туды.

Егер сізде төмендегілер байқалатын болса:

- Қатты үзік қорылдау

- Ұйқыдағы тыныс алудың тоқтаулары

- Мазасыз, сергітпейтін ұйқы

- Жиі түнгі зәр шығару

- Азапты күндізгі ұйқышылдық

- Артериялық гипертония

- Артық дене салмағы

- Жад пен зейіннің төмендеуі

онда сіз, бәлкім, ұйқыдағы тыныс тоқтау ауруынан немесе ұйқының обструктивті апноэ синдромымынан зардап шегесіз. Бұл түнгі кезеңде оттегінің тұрақты жетіспеушілігіне алып келеді және жүрек аритмияларының, миокард инфарктілерінің, инсульттің және ұйқыдағы кенеттен өлімнің даму қаупін арттырады. Рульдегі артық ұйқышылдық өте қауіпті. 

Лаборатория сна 1.pngҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында ұйқы бұзылуының скринингтік диагностикасын (респираторлық мониторинг) жүргізу үшін "ұйқы зертханасы" құрылды. Полисомнография және обструктивті ұйқы апноэ синдромын емдеу (Ауто Сипап-терапия).

Аспаптық диагностика және емдеу "WEINMANN" компаниясының неміс сапа жабдықтарында жүргізіледі

Лаборатория сна 2.pngРеспираторлық мониторинг (SOMNOcheck micro) - бұл ұйқы кезінде биосигналдарды тіркеу, жазу, сақтау және бағалау үшін деректерді жазу жүйесі. Ол ұйқы кезінде тыныс алу бұзылыстарын және диагностиканы қолдау, терапевтік бақылау және терапевтік бақылауды бейімдеу мақсатында ілеспе қауіп факторларын анықтау үшін қызмет етеді. Қолдану саласы пациенттің үйінде немесе аурухана палатасында зертханалық зерттеулер болып табылады. Пациенттің аппаратты және оның функцияларын пайдалану бойынша нұсқаулығын дәрігер және нұсқау берген дәрігер мамандар орындайды. Өлшеу нәтижелері аппаратта сақталады және талданады. Талдау нәтижелері аппарат дисплейінде көрсетіледі. Сақталған деректерді USB интерфейсі арқылы компьютерге тасымалдауға және талдауға болады. 


Лаборатория сна 3.jpgПолисомнография - тыныс алу көрсеткіштерін ұзақ тіркеу, жүрек қызметі, ми жұмысы және ұйқы кезінде ағзаның басқа да физиологиялық функцияларының - 14 физиологиялық параметрлері тіркеледі.

Полисомнографиялық зерттеу жүргізу тәртібі

Зерттеуді сомнология саласында арнайы білімі бар, сондай-ақ ұйқының бұзылуын диагностикалау мен емдеу тәжірибесі бар функционалдық диагностика дәрігерлері жүргізеді.

Орталықта полисомнографиялық зерттеу жүргізу үшін арнайы жайлы палатасы жабдықталған: ауа температурасын реттеу, функционалдық медициналық төсек, кең бөлме, теледидар, душ кабинасы бар дәретхана.

Ұйқы медицинасы орталығы мамандарының үйлесімді жұмысы мен мұқият күтуі пациенттерге олардың емдеу мекемесінде екенін ұмыттырады: пациентке жеке гигиена құралдары, жайлы халат, тәпішке, "Ұйқы зертханасының" қонақшыл қызметкерлерінің көмегі ұсынылады. Пациентті шығару келесі күні таңғы сағат 8-10 уақыт аралығында. Тексеру нәтижелері бойынша кеңес беру келесі күні таңертең сағат 9:00-де, күрделі жағдайларда – келесі күні 15-16 сағат аралығында деректерді таратып жазғаннан кейін немесе келісілген мерзімде келесі кеңес беру кезінде жүргізіледі.

Лаборатория сна 4.pngЗерттеу алдында бір күн ішінде төмендегілерді қабылдамаған жөн:

- сергітетін сусындар (кофе, күшті шай, кока-кола)

- ұйықтататын, транквилизаторлар және басқа да тыныштандыратын дәрілер

- ынталандырушы дәрілік заттар

- алкоголь

Лаборатория сна 5.pngАутоСИПАП – тыныс алудың әр түрлі параметрлеріне мониторинг жүргізетін және ұйқының обструктивті апноэ синдромын емдеуде нақты уақыттағы тиімді емдік қысымды автоматты күйге келтіруді қамтамасыз ететін аппарат.



Лаборатория сна 6.png

Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Астана қ.,

010000, Е-495 көшесі, № 2

(Орынбор көшесі, № 31 көшенің оңтүстігіне қарай)

Блок В 2, 2 қабат

Аурухана тіркеу орны: +7 (7172)708108,708109,

Функционалдық диагностика бөлімшесінің тіркеу орны
+7 (7172)708058

Дәрігер Абжанова Альфия Ермекқызы, жоғары санатты дәрігер ұялы телефон 87015570809,
жұм.байланыс телефоны: + 7 (7172)807684

Функционалдық диагностика бөлімшесі, ұйқы зертханасы