«Ішперде қуысы органдарының ультрадыбысты зерттеуі» жаднамасы

Пациентті дайындау:

  • Зерттеу бос асқазанға жасалуы керек. Егер диагностика таңертең болатын болса, соңғы тамақ ішу өткен күннің 19-20 сағатынан кеш болмауы тиіс.

  • Ішперде қуысының УДЗ алдында диета ұсталады: азық-түлік процедурасынан бірнеше күн бұрын газдың пайда болуына әкеліп соқтыратын тағамдарды (бұршақ, қара нан, шикі жемістер мен көкөністер, спаржа, сүт өнімдері, тәттілер) шығарып тастау керек.

  • УДЗ алдында бірнеше күн бұрын (сіздің дәрігермен кеңескеннен кейін), негізгі тамақ ішер алдында 2 эспумизан таблеткасын немесе белсендірілген көмір қабылдауы тиіс.

  • Зерттеу таңертең болмаған жағдайда пациенттер (әсіресе қант диабеті бар) қантсыз шәй мен кептірілген ақ нанның тілімін жеуге рұқсат етіледі.

  • Дәл емшараның алдында темекі шегуден аулақ болуыңыз тиіс, себебі бұл асқазанның қозғалуына әкелуі мүмкін, бұл дұрыс нәтижелерге қол жеткізуге кедергі келтіреді.

  • Егер зерттеліп жатқан пациентте тұрақты медикоменттік терапияны қажет етсе (жүректің ишемиялық ауруы, гипертония), емдеуден бас тартуға болмайды. Ішперде қуысы органдарының УДЗ дейін дәрі қабылдаудың тәртібін емшараны орындайтын дәрігерге хабарлау қажет.