Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Жүрегіңізге абай болыңыз: Миокард инфарктісінің қалай алдын алуға болады?»

  05.07.2023
«Жүрегіңізге абай болыңыз: Миокард инфарктісінің қалай алдын алуға болады?»

Жүрек-қантамыр аурулары сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің басты себебі және денсаулықтың басты мәселесі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын 17,1 миллион адам инфаркт пен инсульт салдарынан қайтыс болады.

Жүрек-қантамыр аурулары дамуының басты қауіп факторлары: темекі шегу, артық салмақ, төмен физикалық белсенділік, артериялық гипертензия, алкоголь мен энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну.

Бұрын еркектерге тән аурулар қазір әйелдер арасында да жиі кездеседі.

Темекі шегетін (темекі шегетін әйелдердің саны өсті), қант диабетімен ауыратын әйелдер арасында жүрек-қантамыр ауруларының қаупі 3-4 есе жоғары.

Жүрек бұлшықетін қоректендіретін қантамырларының түйілуі немесе бітелуі жүрек бұлшықетінің ауыр зақымдалуына немесе оның семуіне әкеледі - миокард инфарктісі дамиды. Бұл өмірге қауіп төндіретін жағдай және мұндай асқынулардың дамуын болдырмау өте маңызды.

Бақыланатын маңызды параметрлер:

1. Қан қысымы.

Қан қысымының қалыпты дәрежесі: жас ерекшелігіне қарамастан сын.бағ.130/85 мм төмен болса – норма, сын.бағ. 120/80 мм аз болса – оңтайлы, 140/90 мм жоғары болса дәрігерге жүгінген жөн.

2. Дене салмағының көрсеткіші – дене салмағының индексі (ДСИ).

Есептеу формуласы: ДСИ = дене салмағы кг/бой м2.

Норма – 18,5 – 24, 9 арасында

Егер дене салмағының индексі 25- 29,9 болса – артық салмақ – бұл салмақ тастау, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділіктің көрсетілімі.

Егер ДСИ 30-дан жоғары болса – семіздік, онда тексерілу және дәрігердің бақылауымен салмақ тастау қажет.

3. Дене белсенділігіне төзімділік.

6 минуттық жаяу жүру сынағы ұсынылады. Егер адам 6 минут ішінде 563 м немесе одан да көп жүре алатын болса, онда жүрек жеткіліксіздігі жоқ. Егер тек 420 м болса, онда дәрігерге барып, тексерілуді бастаңыз.

Егер 372 - 287 м жүріп өткен болсаңыз, онда бақылану және ем алу қажет.

Жүрек-қантамыр ауруларының дамуын болдырмау үшін:

  • темекі, алкоголь және энергетикалық сусын тұтынуды тоқтату
  • тұз, жануар майларын аз тұтыну, жемістер мен көкөністер, балық және теңіз өнімдерін көбірек тұтыну
  • қан қысымы сын.бағ. 130/80 мм төмен.
  • холестерин 5 ммоль/л-ден төмен
  • дене салмағының индексі 25-тен төмен
  • бел өлшемі ерлер үшін 94 см, әйелдер үшін 80 см артық емес
  • аптасына 5 рет кем дегенде 30 минут дене шынықтыру
  • созылмалы күйзелісті болдырмау
  • жүйелі түрде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өту ұсынылады

Есте сақтаңыз!

Жүрек ауруларының, қантамырларының және олардың асқынуларының дамуын мүмкіндігінше болдырмау үшін профилактикалық шаралар өмір салтына айналуы керек!


Аурухана серіктестері