Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Жер бетінің әр үшінші тұрғыны вирусты гепатитпен ауырады

  18.07.2023
Жер бетінің әр үшінші тұрғыны вирусты гепатитпен ауырады

Жыл сайын 28 шілдеде Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні аталып өтеді, бұл күннің мақсаты – халықтың вирусты гепатит туралы хабардарлығын арттыру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде 2 миллиардқа жуық адам вирусты гепатитке шалдыққан (жер бетінің әр үшінші тұрғыны), 325 миллион адам В немесе С вирусты гепатитімен өмір сүреді, жыл сайын 900 мың адам В вирусты гепатитінен қайтыс болады.

Қазақстанда (2022 жылдың аяғында) вирусты гепатит диагнозымен 49 175 ересек пациент «D» есебінде тұр, оның ішінде 23 233 адам С гепатиті, 22 977 адам В гепатиті, 1 252 адам D гепатитіне шалдыққан, 5 976 адам бауыр циррозымен, ал 500-ден астам адам ГЦК, ХЦК бауыр ісігімен ауырады.

Вирусты гепатит - ауыр патология, оның ішінде цирроз және бауыр ісігін тудыратын бауырдың қабынбалы ауруы. Вирусты гепатитті 5 вирустың біреуі тудыруы мүмкін: A, B, C, D және E.

Гепатиттің берілу жолдары вирустың түріне байланысты және фекалды-ауыз арқылы, контактілі-тұрмыстық жолмен (А, Е) және парентералды (В, С, D) болып бөлінеді.

А және Е гепатиті лас азық-түлік (суармалы егістіктерде немесе нәжіспен ұрықтандырылатын бақшаларда өсірілген жидек, көкөніс, көк шөп вирус жұқтыруы мүмкін) және су (сапасыз ауыз су тұтыну, ластанған су қоймалары мен бассейндерде шомылу кезінде);

Инфекция жеке гигиена қағидалары сақталмаған жағдайда контактілі-тұрмыстық жолмен беріледі (қол арқылы, сондай-ақ инфекция қоздырғышын жұқтырған барлық заттар арқылы).

Симптомдары: сарғаю (тері мен көздің сарғаюы), зәрдің қараюы, шаршау, жүрек айну, құсу, нәжістің түсінің өзгеруі, іш ауыруы.

Көбінесе А гепатиті жеңіл өтеді, адамдардың көпшілігі толық қалпына келеді және иммунитет пайда болады.

А және Е гепатитінің алдын алу:

  • суды қайнатыңыз;
  • Жемістер мен көкөністерді мұқият жуыңыз;
  • Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз;
  • Өнімдерді жеткілікті түрде термиялық өңдеңіз;
  • Су қоймаларында, бассейндерде шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз (су жұтпаңыз).

Парентеральды гепатит:

В гепатиті адамнан адамға инфекциялы қанмен және оның туындыларымен байланыс арқылы беріледі:

  • стерильді емес медициналық, стоматологиялық және косметикалық құралдарды пайдалану кезінде;
  • жыныстық қатынас кезінде және күнделікті өмірде жеке гигиеналық заттарды (тіс щеткалары, ұстара және т.б.) ортақ пайдалану кезінде;

80% жағдайда ауру симптомсыз өтеді және адамдардың көпшілігі жұқтырғанын білмейді, сондықтан цирроз немесе бауыр ісігінің дамуымен созылмалы кезеңге өтеді.

С гепатиті - созылмалы бауыр ауруларының ең таралған түрі, ол негізінен инфекциялы қан арқылы беріледі, симптомсыз өтеді және диагнозы жиі қойылады анықталады.

D вирусы гепатиті В гепатитіне шалдыққан адамдарға ғана жұғады және нәтижесі жаман жағдайға әкелуі мүмкін.

Парентеральды гепатиттің алдын алу:

1. Вакцинация - В гепатитінің алдын алудың негізгі құралы. Вакцинацияның толық курсынан кейін балалар мен жасөспірімдердің 95%-дан астамында күшті иммунитет қалыптасады.

2. Сақтық шаралары:

  • Теріні зақымдайтын манипуляциялар кезінде стерильденбеген құралдарды пайдалануға болмайды: ине емшарасы, пирсинг, татуировка, тырнақ салонында немесе тіс дәрігерінің кабинетінде;
  • Жеке гигиена құралдарын ортақ пайдалануға болмайды (тырнақ қайшысы, қас жұлғыш, ұстара және тіс щеткасы);
  • Жыныстық қатынас кезінде тосқауылды қорғаныс құралын (презерватив) пайдалану қажет;

Аурухана серіктестері