Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ТӨМЕН ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ҚАУІП-ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

  20.02.2023
ТӨМЕН ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ҚАУІП-ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

ДДҰ мәліметі бойынша жыл сайын 3,2 миллион адам физикалық белсенділіктің жетіспеушілігінен қайтыс болады. Ғалымдардың айтуынша, соңғы 100 жылда адамдар 96%-ға аз қозғалатын болған. Физикалық белсенді емес адамдарда кенеттен өлім қаупі физикалық белсенді адамдарға қарағанда 20-30% жоғары болады.

Қозғалыссыз өмір салты (гиподинамия) жуан ішектің және сүт безінің, қуықтың, бүйректің, өкпенің, жатырдың обыры, 2-типті қантты диабет, жүректің ишемиялық ауруы, семіздік, гипертония, остеопороз сияқты және т.б. инфекциялық емес созылмалы аурулардың даму қаупі факторларының бірі болып табылады.

Гиподинамия мәжбүрлі себептерді (мүгедектік, ұзаққа созылған ауру) қоспағанда, көбіне дұрыс емес өмір салтымен немесе қозғалыссыз жұмыспен байланысты.

Гиподинамия қалай байқалады?

  • әлсіздік
  • тез шаршау
  • жұмыс өнімділігінің төмендеуі
  • ұйқы бұзылуы
  • себепсіз жоғары күйгелектік
  • әртүрлі қарқындылықтағы тұрақты бас аурулары
  • сыну қаупінің жоғарылауы
  • дене салмағының артуы
  • жеңіл физикалық күш түскенде ентігу
  • арқа ауырсынуы

Гиподинамияның салдары

  • күш көрсеткіштерінің төмендеуі
  • бұлшықет көлемі мен массасының төмендеуі
  • жүйке-рефлекторлық байланыстың бұзылуы
  • вегетотамырлық дистония
  • депрессиялық күй

Дене белсенділігі бойынша ұсыныстар:

ДДҰ сарапшылары аптасына 150 минут орташа жаттығулар (серуендеу, йога және көгалдарды отау және т.б.) немесе 75 минут қарқынды жаттығулар (жүгіру немесе баяу жүгіру, велосипед тебу және жүзу)  жасауды ұсынады. Жаттығудың түрлерін біріктірген де жөн.

Күніне орташа алғанда 30 минут жаттығу керек. Егер жарты сағат қатарынан жаттығу қиын болса, онда 15 минуттан 2 рет немесе 10 минуттан 3 рет бөліп жаттығуға болады.

Егер бұрын спортпен айналыспаған және қозғалыссыз өмір салтын ұстанатын болсаңыз, белсенділік деңгейін бірте-бірте арттыра отырып, аздан бастау керек. Отыратын жұмыс кезінде әр сағат сайын кем дегенде екі минут, мүмкіндік болса 5-7 минут тұрып, қозғалуға (жеңіл жаттығулар, тыныс алу жаттығулары, жүру) тырысыңыз.  

Нәтижесі қандай болады?

Көптеген зерттеулер тұрақты қалыпты физикалық белсенділік жоғарыда аталған аурулардың, соның ішінде онкологиялық аурулардың қаупін азайтуға көмектесетінін дәлелдеді. Тұрақты жаттығулар (аэро және денеге күш түсіретін жаттығулар), сондай-ақ икемділік пен тепе-теңдікке бағыттарған жаттығулар психикалық және физикалық денсаулыққа жақсы әсер етеді.

Есіңізде болсын! Дене белсенділігін арттыру арқылы денсаулығыңызға баға жетпес үлес қосасыз!


Аурухана серіктестері