Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Саламатты сандарға жет» профилактикалық бағдарламасына қатысу шарттары

  30.06.2023
«Саламатты сандарға жет» профилактикалық бағдарламасына қатысу шарттары

Мемлекеттік қызметшілер үшін салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бойынша «Саламатты сандарға жет!» профилактикалық бағдарламасы созылмалы инфекциялық емес аурулардың (семіздік, диабет, гипертония, жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және респираторлық аурулар) алдын алу мақсатында ҚР ПІБ МОА-да әзірленіп, енгізілді.

Осы бағдарламаға қатысу үшін 2022 жылғы кешенді профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелерімен дене салмағы бойынша тәуекел тобындағы пациенттер іріктелді (дене салмағының индексі 30-34,9, 1 сатыдағы семіздік).

Бағдарлама шеңберінде мыналар көзделетін болады:

  1. Ерікті ақпараттық келісімге қол қою және бағдарламаға қатысушының сауалнаманы толтыруы.
  2. Биоимпедансометрия (дене майының, сұйықтықтың, бұлшықет пен сүйек массасының және метаболизмнің мөлшерін талдау).
  3. Қанның б/х көрсеткіштерін бағалау (қандағы қант пен холестерин деңгейі).
  4. SCORE шкаласы бойынша алдағы 10 жылда жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау.
  5. Салмақ жоғалту бойынша жеке іс-қимыл жоспарын жасау (қажет болған жағдайда учаскелік терапевтпен, диетологпен, реабилитологпен және басқа мамандармен бірлесіп).
  6. Денсаулық параметрлерін бақылау.
  7. Оң нәтижелерге қол жеткізген қатысушыларды (салмақты азайту және денсаулық көрсеткіштерін жақсарту) көтермелеу көзделетін болады.
Келісім беретін болсаңыз, Сізге ақпараттық келісімді басып шығару, толтыру және сканерленген нұсқаны E-mail: Tsfzozh@mail.ru жіберу қажет.

Сұрақтар туындаса ҚР ПІБ МОА СӨСҚО 70-80-35 нөміріне қоңырау шала аласыз.

АҚПАРАТТЫҚ КЕЛІСІМІ


Аурухана серіктестері