ҚР ПІБ МОА-да Дүниежүзілік жүрек күнін атап өтті

Бүкіл әлемдік қауымдастық жыл сайын 29-қыркүйекте ДДҰ мен ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен және қолдауымен құрылған Дүниежүзілік жүрек күнін атап өтеді.

27-қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында Дүниежүзілік жүрек күніне арналған «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» акциясы өтті.

Акцияны «Саламатты сандарға қол жеткіз!» ҚР ПІБ Медициналық орталығының бағдарламасын іске асыру аясында Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жоспарлаған.

Іс-шараның мақсаты:

- халықтың саламатты мінез-құлық түрлерін таңдауға және қолдауға қатысты уәждемесін күшейту (саламатты өмір салты, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттерден бас тарту және т. б.);

- пациенттердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыру;

- қоғамды қан айналымы жүйесі ауруларын және олардың асқынуларын анықтау үшін скринингтік тексерулерден уақтылы өту қажеттігі туралы хабардар ету. 

СӨСҚО Денсаулық мектептерінде «Сау жүрек, таза тамыр», «Белсенді ұзақ өмір сүру», «Салауатты тамақтану» акциясын өткізу барысында мамандар жүрек ауруларының алдын алу, мінез-құлық қауіп факторлары, дұрыс тамақтану, АҚ өлшеу дағдыларына үйрету, дене салмағының идексін (ДСИ), бел шеңберін есептеу, SCOR шәкілі бойынша ССЗ даму қаупін бағалау бойынша пациенттермен және Ауруханаларға келушілермен ақпараттық-білім беру сұхбаттарын өткізді. Акцияның барлық қатысушыларына ҚЖА алдын алу бойынша жадынамалар таратылды. 

Акцияға 300-ден астам адам қатысты!

2019.09.27 Всемирный День сердца 12019.09.27 Всемирный День сердца 22019.09.27 Всемирный День сердца 32019.09.27 Всемирный День сердца 42019.09.27 Всемирный День сердца 52019.09.27 Всемирный День сердца 62019.09.27 Всемирный День сердца 72019.09.27 Всемирный День сердца 8