Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Фтордың адам организміндегі рөлі

  19.01.2024
Фтордың адам организміндегі рөлі

Фтор - адам организміне қажет маңызды микроэлементтердің бірі. Фторды физиологиялық нормадан артық қабылдау уытты әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, фтор жетіспеушілігі организмнің қалыпты жұмысының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

Фтор топырақ және тау жыныстарының құрамында болады, олар еріп, табиғи су қорларына өтеді. Судағы микроэлементтің концентрациясы оның табиғатта болуына байланысты және әр аймақта әртүрлі болуы мүмкін. Фтор организмге ең алдымен ауыз сумен (1-1,2 мг) беріледі, тамақпен 4-6 есе аз түседі. Оның организмге сіңуі тұтыну дозасына және құрамында фтор бар заттың ерігіштігіне байланысты. Еритін фторидтерді асқазан-ішек жолдарының қабырғалары толығымен дерлік сіңіреді. Организмге биологиялық әсері – тіс эмалінің және сүйек тінінің түзілуі. Фтор тез таралып, сүйек пен тісте жиналады, оның концентрациясы сүйектің күйіне, адамның жынысына және жасына байланысты. Микроэлементтің сіңуі бүйрек қызметінің тиімділігіне де байланысты.

Фторға тәуліктік қажеттілік:

  1. балалар - 1,0-3,0 мг/тәу;
  2. жасөспірімдер - 3,0-4,0 мг/тәу;
  3. ересектер - 4,0 мг/тәу.
Фтор мен оның қосылыстарының жетіспеушілігі мыналарға әкеледі:

  • кариес (тісжегі) дамуы – гипофтороз негізгі белгісі, себебі фтор болмаған кезде ауыз қуысы бактериялары қанттан қышқылды тез синтездейді, ол тістердің қатты тіндерін зақымдайды.
  • қатты тіндерде кальцийдің бекітілуінің бұзылуы, бұл сүйек пен тіс беріктігінің төмендеуіне әкелетін
  • темірдің сіңуі төмендейді, шаш пен тырнақ сынғыш болады
  • иммунитет төмендейді, организм осал болады
Кариестің жаппай алдын алу үшін рационға құрамында фтор бар өнімдердің алуан түрін қосу керек. Фтор азық-түлік өнімдерінде аз мөлшерде болады, қара шайда, грек жаңғағында, теңіз өнімдерінде және кейбір бөтелкедегі суларда көбірек болады. Суда фтордың табиғи деңгейі жоғары жерлерде организмге сумен бірге бұл микроэлементтің артық мөлшері түсуі мүмкін.

Жеке профилактикалық шара - құрамында фтор бар тіс пастасын қолдану. Фторид тісті кариестен, эмалді зақымданудан сақтайды.

Фторлы өнімдерді, литрінде 20 мг және одан да көп фтор ауыз суды шамадан артық тұтыну аурулардың дамуына әкеледі.

Ұзақ уақыт бойы көп мөлшерде фтор қабылдау организмге зиянды болуы мүмкін және мыналарға әкелуі мүмкін:

  • тіс деформациясы, эмаль түсінің өзгеруі, тістің қанауы және сынғыштығы
  • сүйек дамуының бұзылуы
  • сүйек өсінділерінің түзілуі және буындардың бачу қозғалуы
Жоғары дозадағы фтор иммундық жүйені бұзады, салдарында иммундық жүйе өз тіндерін өзі зақымдауы мүмкін. Созылмалы аурулар болған кезде фтордың шамадан тыс мөлшері аллергиялық реакциялардың, соның ішінде дерматит, экзема және есекжемнің дамуына ықпал етуі мүмкін.

Фтор бүйрек аурулары, қант диабеті және гипотиреоз сияқты аурулардың ағымын нашарлатуы мүмкін.

Егер су фтормен өңделетін болса, фтор қосылыстарының қауіпті әсерін қалай болдырмауға болады:

  • Тағамды алюминий ыдыста пісірмеңіз, себебі фтор алюминиймен байланысады және онымен қауіпті қосылыс түзеді.
  • шайға суды краннан алмаңыз, өйткені, онсыз да шайдың құрамында фтордың көп мөлшері бар (сүзгі пайдаланыңыз)
  • Краннан су ішпеңіз, әсіресе жүкті әйелдерге краннан су ішуге болмайды және кішкентай балаларға ол судан тамақ дайындауға болмайды
  • «Құрамында фтор жоқ!» деген жазу болмаса, сода немесе кола сияқты сусындарды тұтынбаңыз
  • бақшаны суарғанда кран суын пайдалануды бақылаңыз, өйткені натрий фториді топырақта және сәйкесінше көкөністерде жиналады.

Тістің ауырсынусыз қараюы, тіс эамелінде қоңыр түсті ақшыл дақтардың пайда болуы, үнемі бұлшықет әлсіздігі немесе тәбеттің болмауы сияқты белгілер болса, дәрігерге қаралу керек!

МАҢЫЗДЫ!

Фтормен абай болыңыз: тұрғылықты жеріңіздегі судың құрамында фторидті қосылыстардың бар-жоғын білген жөн; минералды суды жиі ішетін болсаңыз, құрамын фторид болуына назар аударыңыз; фториді бар тіс гигиенасы құралдарын тіс қатаң түрде дәрігеріңіз ұсынғандай пайдаланыңыз.

Фторды фармацевтикалық препарат ретінде тек дәрігер тағайындағандай және қан анализін өткізгеннен кейін ғана қабылдауға болады.


Аурухана серіктестері