Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Дүниежүзілік жүрек күні!

  29.09.2023
Дүниежүзілік жүрек күні!

Дүниежүзілік Жүрек күні жыл сайын 29 қыркүйекте аталып өтеді.

Бүкіл әлемде қанайналым жүйесінің аурулары (ҚЖА) - өлімнің басты себебі делінеді, аталған аурудан жылына 18 миллиондай адам көз жұмады.

Бүгінгі күні еңбекке қабілетті жастағы әрбір 10-шы қазақстандық қанайналым жүйесі ауруларының біріне шалдыққан, біздің елімізде әрбір екінші өлім осы аурулардың салдарынан болуда.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері жүрек денсаулығын сақтау мәселелеріне қоғам мен жеке адамның назарын аудару және алдын алудың маңыздылығын атап өту мақсатын көздеген науқан өткізді.

ДДСҰ сарапшыларының айтуынша ҚЖА-дан болатын барлық өлім-жітімнің төрттен үшін тиісті өмір салтын өзгерту арқылы болдырмауға болады.

БМСК кардиологтары мен СӨСҚ орталығының әдіскер-дәрігерлері науқанға қатысушыларға жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша кеңестер берді.

«АМУ» АҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 401 тобының студенттері флешмоб дайындап, көрсетті.

ҚЖА дамуының қауіп факторлары туралы айта отырып, аурухана мамандары негізгі қауіп факторларын бақылауға болатынын, яғни адамның өзі оларға әсер етіп, ЖҮРЕГІ САУ, ҚАНТАМЫРЛАРЫ ТАЗА болу үшін өмір салтын өзгерте алатынын атап өтті!








Аурухана серіктестері