ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИНСУЛЬТПЕН КҮРЕС КҮНІ!

Жыл сайын 29-қазанда барлық елдерде Дүниежүзілік инсультпен күрес күні (World Stroke Day) аталып өтеді. Бұл күнді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2006 жылы осы ауруға қарсы күрес бойынша жедел белсенді іс-қимылдарға шақыру мақсатында бекітті. Бас ми тамырларының аурулары қазіргі қоғамның маңызды медициналық-әлеуметтік проблемаларының бірі, оның себебі халықтың аурушаңдығы мен өлім-жітімі құрылымындағы үлесінің жоғары болуы, алғашқы мүгедектік себептеріне байланысты.

ДДҰ мәліметтері бойынша, инсульт нәтижесінде бүкіл әлемде жылына 7 миллион адам өледі. Өлімнің жартысынан астамы қантамыр ауруларына байланысты. Жақында ғана инсульт негізінен 55-60 жастан асқан пациенттерде кездесетін, ал қазіргі уақытта шамамен үштен бір бөлігін 30-40 жастағы адамдар құрайды.

ИНСУЛЬТ — бұл артерияның бітелуі немесе тамырдың жарылған қабырғасы арқылы қан құйылу салдарынан миға қанның түсуін тоқтату нәтижесінде жүйке жасушаларының зақымдануы немесе өлуі орын алатын жағдай; бұл ми тінінің зақымдануы және оның функцияларының бұзылуымен қатар жүретін, ми қан айналымының тез дамитын бұзылыстары.

ИНСУЛЬТТІҢ СЕБЕПТЕРІ

Инсульттің басты себебі — мидың қанайналымының бұзылуы. Миға қанның келуі толық немесе жартылай бұғатталады.
Инсульттің белгілері өте қарқынды дамиды. Ми аймағына канның келуі келесі себептер бойынша тоқтатылуы мүмкін:

✔ тромб, ұйыған қан - миға бөлінетін артерияны бітейді;

✔ мидың ішінде қан құйылады;

✔ ми мен бас қаңқасының арасындағы кеңістікте қан құйылады. Егер аурудың себебі тром болса, онда ол ишемиялық инсульт, егер қан ұйылу болса, геморрагиялық инсульт болады.

ИНСУЛЬТТІҢ ДАМУ ҚАУПІНІҢ ФАКТОРЛАРЫ:

✔ артериялық қан қысымының жоғарылығы

✔ қант диабеті

✔ холестерин деңгейінің жоғарылығы

✔ артық салмақ және семіздік

✔ төмен физикалық белсенділік

✔ шылым шегу

✔ алкогольді шектен тыс қабылдау

 

ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫН, оның ішінде ИНСУЛЬТТІҢ АЛДЫН АЛУҒА НЕ КӨМЕКТЕСЕДІ?

✔ дер кезінде профилактикалық медициналық тексерулерден өту және диспансеризациялау

✔ артериялық қысымды қадағалау

✔ қауіп факторларын түзету (шылым шегуден бас тарту, алкогольді мөлшермен тұтыну немесе мүлдем бас тарту, қалыпты дене массасын сақтау, үйлестірілген тағам, тұрақты физикалық жаттығулар)

✔ инсульт белгілерін және жеке әрекеттерді, маңында жақын адамдар болған жағдайда олардың әрекеттерінің тәртібін білу

✔ денсаулығы туралы өзбетінше қамқорлықты белсендіру