Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне орайластырылған «Артериялық қан қысыңызды бақылай отырып, өміріңізді басқарасыз!» ұлттық бағдарламаның тұжырымдамасы

листовка бск А5 каз

Нысаналы топтар – ҚР халқы, оның ішінде

- 3-6 жастағы балалар мен олардың ата-аналары

- 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар

- 11-14 жастағы балалар мен жасөспірімдер

- 15-17 жастағы жасөспірімдер

- 18 жастан 29 жасқа дейінгі жастар

- 30-дан 64 жасқа дейінгі ересек тұрғындар

- 64 жастан үлкен ересек тұрғындар

 

Мақсаттары мен міндеттері

«Артериялық қан қысыңызды бақылай отырып, өміріңізді басқарасыз!» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты:

- балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарына басты назар аудара отырып, жоғары артериялық қан қысымына (АҚҚ) шалдығудың себебі мен салдарына қатысты нысаналы топтағы барлық халықты ақпараттандыруды арттыру;

- артериялық қан қысымын бақылау мен алдын алу шараларына назар аударту;

- артериялық гипертонияны өзіндік бақылау, өзіндік басқару дағдыларын үйрету.

Артериялық гипертония қоғамдық денсаулық сақтау саласының ғаламдық мәселесі болып табылып, жүрек ауруы, инсульт пен бүйрек жеткіліксіздігіне себепші болады, сондай-ақ мезгілсіз өлім-жітім мен мүгедектікке ықпал етеді. Гипертонияны ерте анықтау, сәйкес ем қабылдау мен тиісті бақылау денсаулықты жақсартуды қамтамасыз етеді және экономикалық пайдалы, себебі гипертонияның асқынуын емдеу қымбат емді іске асырумен ұштасады. Гипертонияның алдын алуға келесі мінез-құлықтық қауіпті факторларды бақылау мүмкіндік береді, оған: тұзды және майлы тағам қабылдау, ас үлесінде жеткілікті мөлшерде жемістер мен көкөністердің болмауы, шылымқорлық, ішімдікті шамадан тыс тұтыну, дене белсенділігінің жеткіліксіздігі, жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, созылмалы репираторлық аурулар және онкологиялық аурулар секілді қауіпті жұқпалы емес ауруларға шалдықтыратын маңызды мінез-құлықтық қауіпті факторлар болып табылатын күйзелісті бақылаудың жеткіліксіздігі болып табылады. Артериялық қан қысымының (АҚҚ) тұрақты жоғарылауы алғаш рет кез келген жаста анықталуы мүмкін. Артериальная гипертензия ересек адамдардың ғана ауруы емес, ол балалар мен жасөспірімдерде де жиі анықталады. Балада қан қысымының жоғары болуына аз қозғалысты өмір салты, фастфудты көп тұтыну ықпал етеді. Емдәм, сәйкес дене жүктемесі, қан қысымының көрсеткішін үнемі бақылаумен қоса уақытында кешенді ем қабылдауды бастау арқылы аурудың асқынуын айтарлықтай бәсеңдетуге болады.

Ақпараттық-коммуникациялық науқан өткізу кезінде ата-аналармен профилактикалық шаралардың пайдасы мен маңызы туралы жұмыс жүргізуге аса назар аударылу қажет. Артериялық гипертония бойынша профилактикалық шаралардың нәтижесіне қол жеткізуде дамудың барлық кезеңінде өз денсаулығына белсенді, ақпаратты және жауапты адамның рөлі маңызды және ол кез келген елдің стратегиялық міндеті болып табылады.

Іске асыру тетігі

Іске асыру тетігінің басты элементі бірыңғай әдістемемен өңірлік деңгейде аталған шараларды тәжірибе жүзінде іске асыратын облыстық және Астана, Алматы қалаларының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдары, салалық қызметтер, ҚДСД және облыстық және Астана, Алматы қалаларының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының ортақ қызметтері болып табылады.

 

ҮЕҰ-мен серіктестікте 2018 жылға арналған профилактикалық шаралардың ерекшелігі жас бойынша нысаналы топтарға бөлу.

Балалар мен жасөспірімдердің артериялық гипертензиясы медицина тәжірибесінің аса өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселенің өзектілігі балалардың ауруларының алдын жаппай алуда, себебі ересек адамның зиянды әдеттерін жою немесе өмір салтын өзгертуге қарағанда баланың кішкентай кезінен өз денсаулығына дұрыс, саналы түрде қарауына тәрбиелеу, тұрақты белсенді өмір салтына дағдыландыру қажет.

 

Нысаналы топтағы 3-6 жастағы балалар мен олардың ата-аналары

а) 3-6 жастағы балалар арналған «Дұрыс тамақтану жөніндегі Карлсонның кеңестері» атты сабағы.

Мақсаты: балаларға пайдалы азық-түліктер туралы пікір қалыптастыру; азық-түліктердің атауымен балалардың сөздік қорын байыту; артериялық гипертонияға шалдығудың алдын алу мақсатында дұрыс тамақтану ережелері туралы балалардың білімдерін түзету; тазалық пен тамақтану мәдениетіне дағдыландыру.

Материал:  Карлсонның костюмі; белгілерді салуға арналған плакаттар, тамақтану ережесі; нақпішіндер немесе пайдалы азық-түліктер, жемістер мен көкөністер.

Сабақ барысы

Тәрбиеші бөлменің бұрышында отырып алып, тосап пен майға қуырылған картоп жеп отырған Карлсонға балалардың назарын аударады.

Тәрбиеші (Т) Балалар қараңдаршы, бұл кім? (Карлсон.) Сен неге балалардан тығылып отырсың?

Карлсон. Мен тосап пен майға қуырылған картоп жеп отырмын, ал олар мына балалардың бәріне жетпейді. Сондықтан да тығылып отырмын!

Т. Балалар қалай ойлайсыңдар тосап пен тұзды «тәттілерді» көп жеуге бола ма? (Жоқ) Неге? (Тісің бұзылады, тәбетің жоғалады, семіріп кетуің мүмкін…)

Карлсон, сен өмірден қалыпсың! Қазір ересектер де, балалар да денсаулыққа пайдалы және зиянды азық-түліктер бар екенін біледі. Ал сен болсаң тосап, тәтті және тұзды тағамдарды жеп отырсың! Біз бүгін сол туралы айтамыз.

Балалар, тәтті және пайдалы азық-түліктердің қаншалықты көп екенін айтайықшы.

Карлсон. Мәссаған! Ал мен болсам, түрлі тағамдардың соншалықты көп екенін білмеппін! Бәрін жеп көргім келеді! (Бар тағамды бір құшақ қылып жинап алады)

Т. Жоқ, Карлсон, бәрін бірге жеп көруге болмайды!

Карлсон. Неге болмайды? Мен тәттінің бәрін жақсы көремін!

Т. Балалар біздің қонағымызға қалай дұрыс тамақтану керек екенін түсіндіріп, дұрыс тамақтану жөніндегі кеңестер құруға көмектесейікші!

Карлсон. Ал мен блокнотқа барлық маңызды тамақтану ережелерін жазайын!

Т. Бірінші ереже: «Аз-аздан тамақтанып және тойып тамақ жемеу керек». Бұл нені білдіреді?

Балалар. Тойып тамақ жеу — көп тамақ жеуді білдіреді. Сонда асқазан жеген тамақты қорытып үлгермей, ауыратын болады.

Т. Екінші ереже: «Тамақ түрлі болуы керек».

Карлсон. Бұл не деген түсініксіз сөз?!

Т. Балалар неге тәттіні ғана емес, сондай-ақ нан, көкністер, жемістер, сүт, ет пен басқа азық-түліктерді де жеу керек екенін Карлсонға түсіндіріңдерші. (Біздің ағзамызға барлығы тек бір өнімнің ғана емес, түрлі азық-түліктің құрамында болатын көп түрлі нәрлі заттар қажет)

Карлсон. Күшті болу үшін не жеу керек айтыңдаршы?

Тәрбиеші балаларға заттысуреттердің жиынтығынан азық-түліктерді таңдауды ұсынады. (Сүт, ет, жаңғақтар)

Карлсон. Ал жаңғақтардан менің барлық тістерім сынып қалады!

Т. Балалар саған сүйектің мықты болуы үшін не жеу керек екенін айтады! Балалар сүзбе, балық, жұмыртқа, ірімшік, сүт және т.б. суреттерін таңдайды.

Карлсон. Менің үлкен болғым келеді! Өсуім үшін не жеу керек? Балалар көкөністер, жемістер, жидектер, теңі өнімдерінің суреттерің таңдайды.

Карлсон. Ал торт, кәмпиттер, тәтті нандар, печенье мен балмұздақ қайда?

Т. Сені сол тәтті нан, кәмпит пен тосаптардан қалай семіріп кеткеніңді қарашы!

Карлсон. Я томпақ қана баламын!

Т. Тәттіні аздан ғана және тамақтан кейін жеуге болады!

Тұзды «тәттілерді» көп жеуге болмайды, егер тұзды тамақтарды көп жесеңдер, өздеріңнің апаларың мен аталарың сияқты қан қысымдарың көтеріледі. Карлсон. Ал күніне қанша тұз жеу керек.

Т. Күніне құрамынан толтырмай бір шай қасық тұз шығатындай азық-түлік жеу керек, көп тұз майға қуырылған картоп, қытырлақ нандар, шұжық, қысқа шұжық, консерві, тұзды жаңғақтар мен басқа азық-түліктердің құрамызда болады.

«Дұрыс – дұрыс емес»! ойынын ойнайықшы.

Балаларға «Әрекетті бағала серияларынан сюжетті суретті таңдау ұсынылады. Мысалы, бір бала аузына екі ұртын толтырып кәмпит салып алады, ал екіншісі бір ғана кәмпитті алады.

Т. Келесі ереже: «Тамақты ақырын жеп, тез жұтуға асықпау керек, тамақтың әр тілімін 30 рет шайнау керек!». Адамдардың көбі тамақты тез жқтып, шайнамай жей салады. Бұл неге қауіпті?

Балалар. Тамақ қорытылып үлгермейді де, асқазан толып ауырады.

Карлсон. Мен ұзақ шайнай алмаймын!

Т. Қазір біз сәбіздің тілімімен жаттығамыз! (Әрбір бала сәбіздің тілімін алады да, мұқият шайнайды).

Т. Соңғы ереже — тамақты белгілі бір уақытта ғана жеу керек.

Карлсон. Мен тәртіп сақтағанды жақсы көрмеймін! Тәтті бір нәрсе көрсем жегім келіп кетеді!

Т. Балалар қашан тамақ ішетіндерін саған айтады!

Карлсон. Рахмет, балалар, енді қалай дұрыс тамақтану керек екенін білетін болдым! Бұл ережелерді мен Бөпе досыма айтып бере аламын!

Т. Құрамында қанты өте көп жеміс сусындарына қарағанда, сендер үшін ең үздік таңдау жемістер, тәтті газдалған сусындарды күнде ішпеңдер, оларды жай ғана сумен алмастырыңдар, сонда сау және күшті болып өсесіңдер, тістерің мен іштерің сау болады. Біз бұл ережелерден жадынама кітапша жасаймыз! Сау болу үшін осы тамақтану ережелерін үнемі есімізге алып жүретін боламыз!

б) «Балалардың артериялық гипертониясының алдын алу», «Дене белсенділігін насихаттау», «Дұрыс тамақтану» тақырыптарына балабақшаларда ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу.

Ата-аналарға шара өткізу үшін МСАК медицина мамандары, балабақша қызметкерлері, СӨСҚ қызметі мамандары, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер тартылады.

Ата-аналарға арналған ақпараттық бөлім.

Ата-аналар балаларға өмір салтында жақсы әдеттерді дамытуға көмектесулері керек. Балалар дене белсенділігімен күнделікті 60 минут айналысулары керек. Велоспед тебу, баскетбол немесе футбол ойнау, доппен ойнау, жаяу жүру секілді отбасылық шаралар ұсынылады. Жақсы әдет қалыптастыру үшін үйде отбасымен бірге тамақ ішкен дұрыс. Таңғы асты (ботқа, жұмыртқа, ірімшік, сүт өнімдері, жаңғақтар, сүтпен кептірілген жемістерді) қалдырмай жеу үсынылады.

Кемінде күніне 1½ табақ жеміс пен 2 табақ көкөніс жеу қажет. Жемістер мен көкөністердің барлық түрлері денсаулықтың жақсы болуына ықпал етеді.

Газдалған және газдалмаған сусындарды, жеміс сусындарын шектеу қажет. Тәтті сусындардан бас тартып, өздерің жасаған компоттарды, шырындарды ішіңдер. Тұздың көбі өңделген азық-түліктер, мысалы дайын тағамдар, шұжықтар, ірімшік пен түрлі тіскебасар азық-түліктер, көп мөлшерде тұтынылатын азық-түліктер, мысалы нан арқылы түседі. Тұз тағамға, мысалы сорпаға дайындалып жатқанда салынады, сорпа текшелері немесе тұз, соя тұздығы үстел үстінде тұрады.

Балалар мен жасөспірімдер үшін тұзды күніне 5 г асырмай, шамамен күніне бір шай қасық қана тұтыну қажет. Тамақ ішу кезінде теледидар көруге тыйым салынады және үстел үстінде балаларға тамаққа назар аударуға көмектесу қажет. Педиатрлар экран алдында уақыт өткізуді азайту және жақсы ұйықтау ұзақтығын арттыру үшін балалардың бөлмесінде теледидар ұойиауды ұсынады. Ұйқысы қанған балалар қалыпты салмақты сақтауға бейім және мектепте жақсы оқиды.

 

Нсынала топтағы 7-10 жастағы балалар

а) Педагогтар, тәрбиешілер, ата-аналар мен оқушылардың қатысуларымен «Дұрыс тамақтану!» ұранымен интерактивті әдістерді қолдану арқылы сабақтар, танымдық ойындар өткізу.

Мақсаты:

- артериялық гипертонияның алдын алу мақсатында тағамның негізгі құрамымен (ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды тұздармен) таныстыру, отбасына арналған дұрыс тамақтану ойын елестету, денсаулықты нығайту үшін дұрыс тамақтану мәселелерінде балалар мен ата-аналардың сауаттылығын арттыру.

Интерактивтік әдіс. Балалар азыұ-түліктер, жемістер мен көкөністердің суреттерін салады. Үлкен қағазда немесе флип-чартта «Иә» және «Жоқ, кейде» деген екі бағана анықталады.

«Иә» бағанасына денсаулық үшін пайдалы азық-түліктердің суреттерін салу қажет, ал «кейде» деген бағанаға тұтынуды шектеу қажет пайдасыз (құрамында қанты, тұзы, майлары көп, тәтті сусындар, тәттілер, фаст-фуд) азық-түліктердің суреттерін салу керек. Мұғалім балалардың таңдауын талқылап, топпен бірге «кейде» бағанасындағы аталған азық-түліктерді меңгеріп, азық-түліктерді таңдауға және қандай азық-түліктер/тағамдар, неге олар аталған категорияға жатқызылғанына қысқаша талдау жүргізеді.

Бұдан әрі суреттер мектепке ілініп, сондай-ақ мектеп сайтындағы тиісті бөлімдерге, «Күнделік» электрондық күнделігіне салынады.

б) «Балалардың артериялық гипертониясының алдын алу» тақырыбына ата-аналар жиналысын ұйымдастыру.

Ата-аналар шараларын өткізу үшін педагогтар, МСАК медицина қызметкерлері, балабақша қызметкерлері, ҚДСД мамандары, СӨСҚ қызметі, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер тартылады.

Ата-аналарға арналған ақпараттық бөлім

Артериялық гипертензия – себебі белгісіз тамырлардағы қан қысымының тұрақты көтерілуін көрсететін белгі. Балалар мен жасөсіпірімдерде артериялық қан қысымының көтерілуі көбінесе тұрақсыз және қайтымды сипатта болады, оған нейровегетативтік өзіндік реттеудың бұзылуы мен теңсіздігі жатады. АГ шалдығудың себебі ауруға тұқымқуалаушылық бейімділік, отбасы мен мектептегі күйзеліс жағдай.

Бала кезден тамақтану мәдениетіне үйрету өте маңызды. Дұрыс тамақтану гиперхолестеринемия, семіздік, артериялық қан қысымына шалдығуды жоя немесе алдын ала алады. Тәуліктік ас үлесіне бай майлы қышқылдарменқанықтырылмаған және әсіресе майлы қышқылдармен жартылай қанықтырылмаған өсімдік майлары кіруі қажет. Тәуліктің тәртіпте тағамды 4-5 рет бөліп жеген дұрыс.

Ас тұзын тұтынуды оңтайландыру қажет. Отбасында тамақтану әдеті кейбір «тұзы аз» тағамдарға бағытталуы қажет. ДДҰ-ның сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес ас тұзын тұтынудың шегі тәулігіне шамамен 5 г болуы қажет. Дене белсенділігін (түрлі себептермен) төмендету сондай дәрежеде тәтті өнімдерді, шоколад пен шоколад кәмпиттерді, бал, тосапты тұтынуды, құрамында шамадан тыс белсенді заттары көп кейбір азық-түліктерді (сорпа, дірілдек, зельц), сергітетін сусындарды, табиғи кофе, какао, тәтті шай, конверванттары мен тұздары көп (конвервілер, қақталған шұжықтар мен ірімшіктер, балықтан жасалған тағамдар, уылдырық пен маринадталған көкөністерді) тұтынуды да сәйкесінше шеутеуді қажет етеді.

Сәйкес және жаттықтыратын дене белсенділігі – артериялық гипертензияның, гиподинамияның алдын алудың маңызды аспектісі жүрек-қантамыр ауруларының басқа да қауіпті факторларының арасында бірінші орында тұр. Балалық шақтан бастап ата-аналардың үлгісімен балаларды дене жүктемесіне үйрету қажет, сонда ол әдет болып қалыптасып, әрі қарай физиологиялық қажеттілік болады. Дене белсенділігі – дененің артық салмағы, артериялық гипертензиямен күресудің аса тиімді құралы. Таңғы гимнастика жасау, жаяу жүру, велосипед тебу, коньки, шаңғы тебі қажет.

ДДҰ-ның ұсыныстарын ескере отырып, дене белсенділігін көтеру арқылы халықтың денсаулығын күшейту қажет, осы жастық топтағы балалар мен жасөспірімдерге ойындар, жарыстар, спортпен айналысуғ сапарлар, сауықтыру шаралары, отбасы, мектеп және аудан аясында дене шынықтыру немесе жоспарлы жаттығу жасау ұсынылады. Жүрек-қантамырлар жүйесін, қаңқа-бұлшықет тіндерін нығайту және жұқпайтын аурулардың қаупін төмендету үшін 5-17 жастағы балалар мен жас адамдарға ұзақтығы кемінде 60 минут қалыптыдан жоғары қарқындылыққа дейін күнделікті дене белсенділігімен айналысу ұсынылады.

Көру белсенділігін біртіндеп арттыру қағидасын сақтай отырып, телебағдарламаларды көруді күніне 30-40 минутқа дейін және компьютерге отыруды 1,5 сағатқа дейін шектеу қажет.

Баланың өмірінде үйде және мектепте дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібінің маңызы зор. Мектеп гигиенасы ережесін орындаған маңызды. Оларға кең аэрация сақтау, жұмыс күнінде, жұмыс аптасында дұрыс сабақ кестесі, жасқа сәйкес құралдар, жеткілікті дәрежеде табиғи және жасанды ағарту, сыныптардың жақсы желдетілуі, дене шынықтыру жаттығуларын енгізу жатады.

 

Нысаналы топтағы 11-14 жастағы балалар мен жасөспірімдер

а) «Артериялық гипертонияның алдын ал – дұрыс өмір сүр!», «Дене белсенділігін насихаттау», «Шылымқорлықтың алдын алу», «Ішімдікті тұтынудың алдын алу» тақырыптарына интерактивтік сабақты ұйымдастыру.

Өткізу нысаны: баспасөз мәслихаты (үстелдер дөңгелектеліп қойылған, оларға емхана дәрігерлері, гастроэнтеролог, диетолог, ЕДШ дәрігерлері,   тілшілер, пациенттер, баспасөз мәслихаты жетекшілері) қатысады.
Сценарийі. Баспасөз мәслихаты жетекшісі (мұғалім):
Осы аудиторияға жиналғандардың бәріне сәлем беріліп, «Артериялық гипертонияның алдын ал – дұрыс өмір сүр!» атты баспасөз мәслихатына қатысуға шақырады.

Салауатты өмір салты… Бұл не? Денсаулық дегеніміз не? Денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтану мен дене белсенділігінің рөлі қандай? Денсаулықты сақтау үшін артериялық қан қысымының алдын алудың қандай маңызы бар? Міне бәрін толғандыратын мәселе. Біз мұнда түрлі мамандықтағы дәрігерлерді шақырдық, мұнан сәздерді қызықтыратын көптеген сұрақтарға кеңес алуға болады.

Денсаулыққа ненің маңызды екенін жөнінде сіздермен әңгімелесетін боламыз. 

Тілші: Адамның репродуктивтік денсаулығын сақтау қазіргі кезде өте маңызды. Денсаулықты қалай сақтау және нығайту қажет? Темекі шегу мен салауатты өмір салтын қалай бірге алып жүруге болады? Ол мүмкін бе?

Дәрігерлер: Бұл мүмкін емес. Темекіні шеккеннен кейін никотиннің әсерінен тамырлар тарылып, соның салдарынан АҚҚ көтеріледі. Темекінің түтінінен тістің эмальдері сарғайып, шылымқорлардың тісі қарайып кетеді.

Тілші: Тамақтың құрамындағы тұз артериялық қан қысымының көтерілуіне әсер ете ме?

Дәрігерлер: Ас тұзы – негізгі құрамдас бөілігі натрий хлориді болып табылатын тағамдық қоспа. Адамдардың көбі тұз түрінде көп натрийді тұтынады. Балалар тұздың дәміне тез үйренгендіктен, құрамында тұзы көп тағамдарды көп тұтынуға итермелейді және өмір бойы сақталатын әдетті қалыптастырады. Жасөспірімдер фаст-фудтарды, қытырлақ нандарды, майға қуырылған картоптар мен басқа тұзды тағамдарды жақсы көреді.

Тілші: Дайын азық-түліктердің құрамындағы тұзды қалай анықтауға болады? Затбелгіде азық-түліктегі тұздың құрамы немесе аталған өнімнің 100 грамы көрсетілген. Бірақ затбелгілердің барлығында да азық-түліктердегі тұздың мөлшері туралы жазылмайды. Кейбіреулерінде натрийдің мөлшері көрсетілген. Бұл жағдайда натрийдің мөлшерін 2,5-ке көбейтіп, тұздың мөлшерін анықтауға болады.

Тұздың көбі сорпа текшелері, қытырлақ нанадар, тұздықтар, майға қуырылған картоптар, дайын сорпалар, қақталған шұжықтар, консервілер мен басқа өнімдердің құрамында болады.

Тілші: Артық салмақ тамырлардағы қысымға қалай әсер етеді?

Гастроэнтеролог дәрігер: Артық салмақ пен қан қысымы — үйлеспейтін заттар. Адамда артық салмақ майлы тағамдарды немесе фастфудтарды жиі тұтынғаннан пайда болады, ал бұл тағамдар артериялық қан қысымының көтерілуіне, тамақтану тәртібінің бұзылуына алып келеді.

Тілші: “Дұрыс тамақтану” дегенді бәрі естіген. Мұның не екенін нақты анықтауға бола ма?

Диетолог: Дұрыс тамақтану – жоғары еңбекке қабілеттілік, өмірлік белсенділік пен адамның қалыпты көңіл-күйін қамтамасыз ететін жағдай.

Үйлесімді тамақтанудың басты қағидалары:
Тағам түрлі болуы қажет, бірақ өте құнарлы емес және өсімдік өнімдеріне көп көңіл бөлу қажет.

Нан, жарма мен макарон өнімдері, күріштікүнделікті тұтыну қажет. Түрлі көкөністер мен жемістерді күніне бірнеше рет (400 грамнан аса) тұтыну қажет.

Дене салмағы ұсынылған шекке сәйкес келуі қажет. (Дене салмағы индексі шамамен 18,5-25. Кетле формуласы бойынша есептеледі: ДСИ=С(кг):H2(м), С – салмақ, Н – бойы).

Дене салмағының қалыпты деңгейін сақтау қажет. Майы мен тұзы аз сүт және сүт өнімдері (кефир, қышқыл сүт, ірімшік, йогурт) күнделікті ас үлесінде қажет.

Майлы ет және ет өнімдерін балыққа, жұмыртқа немесе майсыз ет түріне алмастыру.

Ботқалар мен бутербродтарға «көзге көрінетін» майларды тұтынуды шектеу, майы аз ет-сүт өнімдерін таңдаңыздар.

Қантты, тәттілерді, тәтті өнімдерді, десерт, тәтті газдалған сусындарды тұтынуды шектеу қажет.

Нан, консервіленген және басқа азық-түліктердің құрамындағы тұхдарды ескере отырып, жалпы тұзды тұтыну күніне бір шай қасықтан (5 грамм) аспау қажет.

Ішімдік — адам денсаулығына пайдасыз өнім. Сондықтан ішімдікті мүлде ішпеу қажет.

Тағамды қауіпсіз жолмен жайындау – майға қуырмай, қайнатып және буға пісіру қажет.

Тілші: Біздің оқырмандарды төмен дене белсенділігінің тамырлардағы қан қысымының көтерілуіне әсер ету мәселесі толғандырады?

ЕДШ дәрігері: Жүрек-қантамырлар жүйесін, қаңқа-бұлшықет тіндерін нығайту және жұқпайтын аурулардың қаупін төмендету үшін 5-17 жастағы балалар мен жас адамдарға ұзақтығы кемінде 60 минут қалыптыдан жоғары қарқындылыққа дейін күнделікті дене белсенділігімен айналысу ұсынылады. Күніне 6 минут дене белсендігімен айналысу олардың денсаулығына қосымша пайда алып келеді.

Баспасөз мәслихатының жетекшісі: Біз түрлі мамандардың пікірдерін тыңдадық. Қандай қорытынды шығарамыз? Барлық мүдделі тұлғалардың қазіргі адамды мәдениетке тәрбиелеумен бірге келісілген жұмыс қана оны сау етеді. Бүгінгі кездесі текке өткен жоқ және одан көп мәлімет ала алдыңыздар деп үміттенеміз. Барлықтарыңызға рахмет! Барлық қатысушылардың жұмысы «үздік» деп бағаланды!

 

б) Артериялық гипертонияның алдын алуға бағытталған «Сау болғың келсе – белсенді бол!», «Мен жеңімпазбын» немесе «Сау бол!», «Біз спортты отбасымыз» ұранымен спорттық шаралар, эстафеталар, бойжазулар өткізу.

Болжалды нәтижелер: дене шынықтыруға қызықтыру, балалармен бірге отбасылық бос уақытты өткізу, отбасында жағымды психологиялық жағдай жасау. Дене жаттығулары мен ойындар балалардың денсаулығы мен олардың физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып таңдалады. Спорттық шаралардың кешені балаларды, ата-аналарды, жұртты тарту арқылы «Көңілді старттар», «Спорттық отбасы» жарысы және т.б. түрінде жауапты мамандармен келісу бойынша өздігінен анықталады.

 

Нысаналы топтар 15-17 жастағы балалар

а) «Артериялық гипертония – барлығы бақылауда!» тақырыбына эссе бақылауын өткізу, қатысушылар артериялық гипертония, АГ-ға шалдықтыратын қауіпті факторлардың алдын алу, дұрыс тамақтану, дене белсенділігін насихаттау жөнінде эссе байқауына қатысады.

Шара соңында байқау қорытындыланып, жеңімпаздар анықталып, сертификат пен диплом табысталады.

Жеке парақшаларда, Ғаламтордағы мектеп парақшаларында, хабарламаларда, «Күнделікте», әлеуметтік желілерде #артериялықгипертониябарлығыбақылауда хештегімен ақпарат орналастырылады.

б) медицина мамандары, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, ҚДСД мамандары, СӨСҚ қызметі, психологтар, әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен «Артериялық гипертония туралы деректер» ата-аналар жиналысын өткізу.

Қосымша құралдар: буклеттер, үлгілер мен нақпішіндер; бейнероликтер.

Ата-аналарға арналған ақпараттық бөлім

Артериялық гипертензия өте көп таралған жүрек-қантамыр ауруларының бірі болып табылады және маңызды медициналық-әлеуметтік мәселеге әке соғады. Бұл аурудың қалыптасуы балалық және жасөспірімдік шақтан басталады. Жасөспірімдердің көбінде артериялық гипертензия ұзақ уақыт бойы белгісіз болуы және жасөспірімдер ешқашан шағымданбауы мүмкін, сондықтан да артериялық қан қысымының көтерілгенін сезбегендіктен оны уақытында емдеу қиын.

Балалардың артериялық гипертониямен ауыруының себебі.

Жасөспірімдердің артериялық қан қысымының көтерілуі артық салмағы мен семіздігі болған жағдайда есейгенде артериялық гипертензияға шалдықтыратын ең мықты фактор болып табылады.

Гипертонияны қалыптастыруға ықпал ететін факторлар арасында бірінші кезекте тұқым қуалаушылық тұратынын атап айту қажет.

Балалар мен жасөспірімдердің ауыруына не алып келеді?

Артериялық гипертонияға шалдығуға гиподинамия алып келеді, жүрек-қантамыр жүйесіне арналған қозғалыс қорғанысты бейімдейтін тетікті жаттықтыратын фактор болған.

Гиподинамия қанайналымы қызметін табиғи бақылау жүйесін бұзады және артериялық гипертензияға шалдықтырады. Есейе келе қозғалыстың аздығы арта береді.

Гиподинамиямен тығыз байланысты келесі маңызды фактор семіздік болып табылады. Есейген кезде семіздіктің сақталу мүмкіндігі артық салмақ пайда болған жасқа байланысты және ата-аналардың біреуінде семіздіктің болуына байланысты болады. 3-6 жаста дене салмағы артық болса, семіздіктің сақталу мүмкіндігі 50%-ға артады. Жасөспірімдердің 80%-ға жуығы қажетті шараларды қабылдамаса, есейгенде сол қалпы қалады.

Балалардың семіздігі тығыздығы төмен холестерин, триглицерид, липопротеидердің деңгейі жоғары болатын май алмасудың бұзылуымен, сондай-ақ көмірсуларға төзімділіктің бұзылуымен байланысты.

Қан қысымының көтерілуіне себеп болатын факторларға адам ағзасына натрий хлоридінің (ас тұзының) артық түсуі болып табылады.

Артериялық гипертензияға шалдығуға ғана әсер етіп қоймай, жалпы балалардың денсаулық деңгейіне де әсер ететін басқа да факторлар арасында темекі шегу мен ішімдік тұтыну да бар. Темекі шегу – ересектердің ғана мәселесі емес. Жасөспірімдер арасында бұл әдет үздіксіз таралуда. Әрбір тартылған темекіден кейін артериялық қан қысымы бірден артады. Балалық кезде және жасөспірімдік шақта ішімдікті тұтыну артериялық гипертензияға шалдықтыратын ғана фактор емес, ол балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығына да кері әсер етеді.

Жоғарыда аталған факторлармен бірге артериялық гипертензияның дамуында күйзелістің де маңызын атап айту қажет. Психологиялық күйзеліс пен қоршаған ортаның әсеріне тән күйзелістің гпертонияның пайда болуында маңызды рөл атқаратындығы туралы ұсыныстар бірнеше рет айтылған болатын. Жіті күйзелісті тудыратындар артериялық қан қысымының көтерілуіне әкеп соғады, дегенмен созылмалы күйзелістің артериялық гипертензияны тудыруы мүмкін екені туралы нақты мәліметтер аз.

Балалардың қан қысымын қалай дұрыс ілшеуге болады?

Артериялық қан қысымын тыныш, жайдарлы және ыңғайлы жерде бөлме температурасында тамақ, кофе ішкеннен соң, дене жүктемесін тоқтатып, суыққа шыққаннан кейін 1 сағаттан соң өлшеу керек. Бала үстел қасындағы орындықтың арқасына сүйеніп, қалпын өзгертпей және шара барысында сөйлемей отыруы қажет. Баланың иығы киімнен босатылып, қолы үстелдің үстінде алақаны жоғары қаратылып ыңғайлы қойылуы керек. Қан қысымын өлшеу алдында 3-5 минут демалу қажет. Баланың иығының көлеміне сәйкес келетін манжетті дұрыс таңдай отырып, резіңке камераның ұзындығы 80%-нен 100%-ға дейін жауып тұруы және манжеттің ортасы жүрек деңгейіне келетіндей дұрыс қою қажет.

Баланың артериялық қан қысымының деңгейі оның жасымен, жынысымен, салмағымен, бойы және тері-май қабатының қалыңдығымен тығыз байланысты.

АГ-ның қандай алдын алу шаралары ұсынылады?

Артериялық қан қысымы жоғары болған жағдайдағы профилактикалық шаралар аталған баладағы қауіпті факторларды түзетуге бағытталуы қажет.

Біріншіден, үйлесімді күн тәртібін ақыл-ой мен физикалық жүктемені алмастыру, теледидарды көруді және компьютерде отыру уақытын шектеу, түнде, қажет болған жағдайда күндіз де жеткілікті ұйықтау арқылы ұйымдастыру.

Үйлесімді тамақтанудың басты қағидалары – ағзаға қуаттың түсуі мен қуатты шығындаудың тең болуы, алмастырылмайтын тағамдық заттарға (ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттарға) ағзаның физиологиялық қажеттілігінің қамтамасыз етілуі, тағамды құнарлылығы жағынан таңғы ас - 30%, тіскебасар - 20%, түскі ас – 40%, кешкі ас – 10%-ға бөле отырып, тамақты күніне 4-5 рет ішу, тамақты ұйықтар алдында кемінде 2-3 сағат бұрын ішу қажет; кешкі ас пен таңғы астың арасындағы уақыт 10 сағаттан аспауы қажет. Тұзсыз дайындалған тағамға ас тұзын қосуды күніне 5 г (толтырмай шай қасық) асырмай тұтыну. Тағамды дайындау кезінде тұз салмау қажет, тамақтың дәмін татып көргеннен кейін салу керек. Тамаққа консервіленген азық-түліктерді қоспау қажет. Тағамға құрамында теңдестірілген амин қышқылымен бірге толыққанды ақуызы бар азық-түліктерді (сүзбе, ет, балық), жасұныққа бай көмірсулар (жидектер, жемістер), құрамында қанықпаған майлар және жартылай қаныққан қышқылдар (күнбағыс, жүгері майы), А, В, С, Р тобындағы дәрумендерді қосу.

Дұрыс тамақтану көбінесе балалардың ата-аналарына байланысты, сондықтан оқушылардың ата-аналары дене салмағын қалыпты деңгейде сақтау әдісін білуі қажет.

Сонымен қатар отбасындағы жағымды психологиялық атмоспераны қалыптастыру, сондай-ақ дұрыс еңбек және дамылс тәртібін ұйымдастыру ұсынылады.

Тұрақты, аэробтық, динамикалық, қалыпты дене жүктемесі қандағы отегінің деңгейін арттырып, жүрек-қантамыр жүйесінің бейімдік мүмкіндігін көбейтіп, балалардың қанайналымы жүйесінің дұрыс дамуына ықпал етеді. Мұндай жүктемелер күніне 30-60 минутты құрауы қажет. Артериялық гипертензия болған жағдайда статистикалық (ауыр көтеру, күрестің түрлері және т.б.) емес, жаяу жүру, гимнастика, суда жүзу, жүгіру, баскетбол, велосипед тебу, коньки, шаңғы тебу, би билеу секілді динамикалық жүктемелер лайық.

Артериялық қан қысымын төмендетумен қатар дене шынықтырумен тұрақты айналысу дене салмағын қалпына келтіруге және оны лайықты деңгейде бақылауға, тығыздығы жоғары липопротеин дейгейін арттыруға және атерогенді фракцияны азайтуға, көмірсуларға төзімділікті арттыру, жүрек-қантамыр ауруларына шалдықтыратын қаупін азайтуға көмектеседі.

Сонымен, дене белсенділігін күшейту ертериялық гипертензияның алдын алу үшін қолданылуы мүмкін.

Балалардың көзінде ересектердің ішімдікті тұтынуын шектеу. Балалар мен жасөспірімдерді жастық шақта артериялық қан қысымының артуы мен ретериялық гипертензияға және артериялық гипертензияға шалдығуға сыра маскүнемдігінің қаупі, ішімдіктің, оның ішінде сыраның рөлі туралы ақпарат беру.

Темекі шегуден бас тарту, пассивті шылым шегуді шектеу. Темекі шегуден бас тартқан кезде гипертензиялық әсер кез келген жастық топта бір жыл ішінде байқалады.                                                                                                    

Отбасында, мектепте психологиялық жағдайды қалпына келтіру салауатты өмір салтын ұстануға икемеу. Балаларына денсаулық сақтайтын мінез-құлықты дамытуға көмектесуге міндетті ата-аналармен жұмыс істеу керек.

в) Пікірталас өткізу

Пікірталастық үлгісі «Артериялық гипертонияның алдын ал!» тақырыбына оқушылар арасында пікірсайыстарды ұйымдастыру болады, онда артериялық гипертонияның алдын алу, сондай-ақ денсаулық сақтайтын мінез-құлықты насихаттау мен жасөспірімдер мен жастардың денсаулықтарын нығайту мақсатында мінез-құлықтық қауіпті факторлардың (темекі шегуден, ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тартудың) маңызы талқыланады.

 

Нысаналы топтағы 18-29 жастағы балалар

а) «Өз қан қысымыңды біл!» квесті

Квест өткізу сценарийі.

Ұатысушылардың саны 20 және одан асады. Әрбір қатысушыға поштаға ақпарат, шара ұйымдастырушыдан SMS жолданады, онда «12 мамыр күні «Өз қан қысымыңды біл!» ұранымен ақпараттық зерттеу акциясы өткізілетіндігі» хабарланады және қатысушылар әлемде адам денсаулығына қауіп тудыратын артериялық қан қысымы жәйлі бәрін біледі. Ұйымдастырушылар белгілі бір аудандағы жедел зерттеу жұмысына қосылуларын сұрайды, онда із кесушілер сұрақтарға жауап таба алады. Ойын өткізілетін күн, орын мен уақыт көрсетіледі. Акцияға қатысушыларға сол жерде шара ұйымдастырушылары әзірлеген тапсырма беріліп, сонғы орны анықталады, олар сол жерде өздерінің қан қысымдарын біле алады!

Ойын кезінде қатысушылармен бірге жүргізушілер ғана емес, сондай-ақ басқа да костюм киген тақырыптық персонаждар да қатысуы мүмкін. Олар тақырыптық костюмді киіп қана қоймай, қатысушылар дұрыс сұрақ қоюдың көмегімен ала алатын маңызды ақпараттың сақтаушылары болып табылады.

Әрбір топтың мүшесі бас қатырғыш, шифр, ребусты шешу және дәлелдерді келтіру, реквизитті сақтау, затты іздеу немесе аумақта ақпаратты тез жинау үшін ойын барысына қатысулары қажет.

Квестке арналған тапсырма үлгілері:

1-нұсқа. Тапсырманы оқу үшін кейске монтаждалған нақпішінді бомбаны минасыздандыру: н/п «АГ-ға шалдықтыратын қауіпті факторлар». Кейс ашылып, таймер уақытты санай бастайды. Үлгермесе – дыбыс белгісі қосылады.

2-нұсқа. Ақпараты бар жағданды (сейф) немесе жағданның кілтін тауып, тапсырманы оқу.

3-нұсқа. Топ радио станциясы жиынтығын алады, оның көмегімен жеткілікті үлкен аумақтан ақпаратты тез жинаулары қажет. бұл ағаштар мен үйлердегі белгілер, кодталған сөздердің немесе заттардың бөлшектері.

4-нұсқа. «Ескі бүктелген қағаздан» дұрыс тамақтану туралы ұсыныстарды табы және оқу.

5-нұсқа. Ойын барысында бірнеше рет күтпеген жерден пайда болатын Жұмбақ шеберінің бас қатырғышын шешу.

6-нұсқа. Көрсетілген жерде қатысушылар жан-жағынан қоңырау келіп жатқан ұялы телефондарды табады. Әрі қарай артериялық гипертонияның алдын алу туралы нұсқау мен ойсалу хабарламасын мұқият тыңдау қажет.

Қорытындылау. Барлық топтар бірге жиналып, әсерлерімен және көңілдерімен бөліседі. Түрлі атаулармен жеңімпаздарды марапаттау. Дипломдар, марапттар, естелік суреттер беріледі.

б) «Дұрыс тамақтану – артериялық гипертонияға «ЖОҚ» де!» интерактивті тренингін ұйымдастыру.

Мақсаты: үйлесімді тамақтану негіздері, қағидаларымен танысу, тамақтану пирамидасына сәйкес ас үлесін құруға дағдыландыру, теңдестірілген тағамды насихаттау, денсаулық сақтайтын мінез-құлықты қалыптастыру.

Тренинг барысы:

1.     Сәлемдесу. Қатысушылармен танысу

2.     Ақпараттық бөлім

3.     Рөлдік ойындар, топтарға тапсырма.

4.     Үлгілер мен нақпішіндерді көрсету

5.     Бой жазу

6.     Тренингті аяқтау. Кері байланыс.

Нысаналы топтағы 30-64 жастағы ересектер

а) Артериялық гипертонияның алдын алудың өзекті мәселелері жөнінде жетекші бейінді мамандардың қатысуымен «Артериялық гипертонияның алдын алу», «Дұрыс тамақтануды (құрамында тұзы, қанты мен майы көп азық-түліктерді тұтынуды шектеуді) насихаттау», «Дене белсенділігі», «Шылымқорлықтан бас тарту», «Ішімдікті тұтынуды шектеу» тақырыптарына дөңгелек үстел өткізу.

Дөңгелек үстел шеңберінде жұқпайтын аурулармен аурушаңдылықты төмендету және өмірдің ұзақтығы мен сапасын арттыру мақсатында артериялық гипертонияның өзектілігін, созылмалы аурулардың негізгі қауіпті факторларының (дұрыс тамақтанбау, төмен дене белсенділігі, шылымқорлы, ішімдікті тұтынудың) алдын алу және бас тарту әдістерін қарастыру ұсынылады.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырудың негізгі сәттері: шараға қатысушыларды (ұжымдарды, денсаулық сақтау басқармасының жетекші мамандарын, әкімшіліктерді, кәсіпорын басшыларын, тілшілерді, ЖТД, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, СӨС қалыптастыру қызметі мамандарын) анықтау, шара бағдарламасын жасау, шара өткізетін уақыт пен орынды келісу, шара аяқталысымен суреттер әлеуметтік желілерге және ұйым веб-сайттарына орналастырылады.

 

б) Халық жаппай жиналатын жерлерде (жұмыс орындарында, базар аумақтарында, сауда ойын-сауық орталықтарында) «Өз қан қысымыңды біл!» ұранымен көшпелі акция өткізу.

Шара шеңберінде «Денсаулық қалашығы» жасалып, артериялық қан қысымын өлшеу, сондай-ақ қан құрамындағы қанттың мөлшерін жедел анықтау, үлестірмелі материалдармен қамтамасыз ету және жүрек-қантамыр аурулары, артериялық гипертонияның алдын алу мәселелері жөнінде кеңес беру жоспарлануда. Ақпараттық науқанның мақсаты – қанайналымы жүйесі ауруларының алдын алу мәселелері жөнінде ақпараттық сауаттылықты арттыру, артериялық қан қысымын бақылауға дағдыландыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

 

Нысаналы топтағы 64 жастан үлкен ересектер

а) «Артериялық гипертонияның алдын алу», «Дұрыс тамақтануды (құрамында тұзы, қанты мен майы көп азық-түліктерді тұтынуды шектеуді) насихаттау», «Дене белсенділігін насихаттау», «Шылымқорлықтан алдын алу, бас тартудың тәсілдері», «Ішімдікті тұтынудың алдын алу» тақырыптарына медицина қызметкерлері, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, ЕДШ нұсқаушыларының қатысуымен Денсаулық мектептерінде, аула клубтарында, ардагерлер қауымында, супермаркеттерде сұрақ-жауап кештерін, әңгімелесу, кеңес беру, сабақтар өткізу.

Сұрақ-жауап кешіне арналған ақпараттық бөлім

Жоғары артериялық қан қысымының қауіпті факторлары не?

• Жас (еркектер >55 жас; әйелдер >65 жас)

• Темекі шегу

• Дислипидемия – ағзаның бұзылуы, қанның құрамында холестерин мен триглицеридтердің көбейінен білінеді

• Жалпы холестерин >4,9 ммоль/л (190 мг/дл)

• Холестерин ТТЛП>3,0 ммоль/л (115 мг/дл)

• Холестерин ТЖЛП: еркектер <1,0 ммоль/л (40 мг/дл), әйелдер <1,2 ммоль/л (46 мг/дл) және/немесе

• Триглицеридтер >1,7 ммоль/л (150 мг/дл)

• Аш қарынға глюкоза деңгейі 5,6-6,9 ммоль/л (102-125 мг/дл)

• Глюкозаға төзімділікке тест

• Семіздік (ДСИ>30 кг/м2)

• Абдоминальді семіздік – бел көлемі >102 см еркектер және >88 см әйелдер

• Отбасылық ЖҚА анамнезі (55 жасқа дейінгі еркектер; 65 жасқа дейінгі әйелдер)

Артериялық қан қысымы жоғары адамдардың бәрі өз аурулары туралы біле бермейді. Бұл немен байланысты?

Артериялық гипертензияны «үнсіз жан алғыш» деп бекер айтпайды, себебі бірінші кезде бұл аурудың белгісі білінбейді. Адам өзін жақсы сезініп, белсенді болады. Егер осы кезде тексеру жүргізсе, жағымды көңіл-күймен ағзадағы бар өзгерістерге қатысты арасында сәйкессіздік анықталады.

Қандай артериялық қан қысымын дәрігерлер жоғары деп есептейді?

Ұлттық және халықаралық нұсқаулықтарда АҚҚ-ның деңгейі сынап бағанасынан 140/90 мм және жоғары болса артериялық гипертония (АГ) болып есептеледі. Гипертония мен атеросклеротикалық түйіндердің арасында байланыс бар ма?

Гипертония мен атеросклероз негізінен қатар дамиды. Себебі тамырлардың тарылуының өзі тамырларда түйіндердің пайда болуына алып келеді. Осы жағынан адамның қан қысымын бақылауда ұстағаны маңызды.

Артериялық қан қысымын өлшеу міндетті болуы керек?

Артериялық қан қысымын өлшеу салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі болуы керек. Қан қысымын таңертеңнен бастап күніне бірнеше рет өлшеу керек.

Адамның қанының құрамында холестерин деңгейі жоғары болса не істеу керек?

Тәтті өнімдерді тқтынуды шектеу; күніне 5 бөлік жеміс, көкөніс пен дәнді-дақылдар (бұршақтар мен баданалар) тұтыну; аптасына 2 жұмыртқаның уызын жеу; сорпалық өнімдерді тұтынуды азайту; тамақ дайындау кезінде жануыр майына қуыруды булауға, қайнатуға, бұқтыруға, духовкаға пісірумен алмастыру қажет; тамақ дайындар алдында еттен көрініп тұрған майды кесіп тастау, құстың терісін алып тастау қажет; балықтан жасалған тағамдарды көп тұтыну керек; шұжықтардың барлық түрлерін, майлы сан еттерді тұтынбау; суда дайындалған ботқаларды тұтыну.

Тұзды тұтынуды қалай бақылауға болады?

Азық-түліктердегі тұздың (натрийдің) мөлшерін анықтау үшін қораптағы нұсқауды және тұздың құрамын туралы мәліметтер жазылған азық-түліктердің тізімін қолданыңыз, тағамға қосымша тұз салмаңыз, үстелге тұз салғышты қоймаңыз.

Қан қысымы көрсеткішінің өзгерісін анықтауға мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау күнделігін ұстау ұсынылады, АҚҚ көтерілген жағдайда күнделік дәрігерге диагноз қоюға көмектеседі. Артериялық қан қысымын өлшеу науқасты тәртіпке үйретіп, оны дәрігердің серіктесіне айналдырады.

Дене белсенділігі жөнінде қандай нұсқаулар бар?

• Дене белсенділігі біртіндеп және аздаған жүктемеден басталады

• Дене белсенділігінің оғтайлы түрі ұзақтығы (1 сағатқа дейін), арақашықтығы (500 м-ден 4 км-ге дейін) оның қарқындылығын біртіндеп өсірумен мөлшерленген жая жүріс болып табылады

• Ұсынылатын дене белсенділігі: емдік гимнастика, жаяу жүру, суда жүзу, велосипед (веложаттықтырушы), шаңғы тебу және т.б. (яғни төзімділікті арттыратын және тамырлардың шеткі қарсылықтарын төмендетететін жаттығулар)

• артериялық гипертонияның юастапқы белгілері бар жас адамдарға жүгіру немесе тез жүру, доппен (футбол, волейбол, баскетбол, теннис) ойнау және бақшада (ыңғайлы қалыпта басты еңкейтпей) жұмыс істеу пайдалы, дегенмен дене белсенділігінің бұл түрлерімен айналысу артериялық қан қысымы деңгейін тұрақтандыратыны аз көрінеді.

б) Қарт адамдарға арналған ақпаратттық білім беру шараларын өткізу: МСАК ұйымдарында кардиолог, эндокринолог, ЖТД, невропатолог, психолог және әлеуметтік қызметкерлерді тарту арқылы артериялық қан қысымын, холестерин мен глюкоза деңгейін, дене параметрлерін анықтау, бейінді Денсаулық мектептерінде, халық жаппай жиналатын орындарда әрі қарай қауіпті факторларды түзету арқылы дербес қауіптерді анықтау үшін дене салмағы индексін есептеумен артериялық гипертония, мінез-құлықтық қауіпті факторлар (темекіден, ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі қағидаларын сақтау) жөнінде Ашық есік күндерін өткізу. Өз денсаулықтарына, скринингтік тексеруден уақытында өткізу арқылы қанайналымы жүйесі ауруларын анықтау мен олардың асқынуының алдын алуға ортақ жауапкершілікті арттыру.

 

Баспасөз шаралары:

Мақсаты: мемлекеттік және орыс тілінде артериялық гипертония, мінез-құлықтық қауіпті факторлар, жоғары артериялық қан қысымының алғашқы белгілері туралы халық арасында білім мен дағдыларды көтеру:

Шара өткізу нысаны:

- Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының ДБ, қалалық, облыстық, республикалық маңызды медициналық ұйымдардың ғаламтор ресурстарына Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күнінің шеңберінде шаралар өткізу туралы баспасөз хабарламасын орналастыру

- Телеарналардан, радиостанциялардан артериялық гипертонияның халықтың өмірінің сапасы мен ұзақтығына әсері және мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу (темекі, ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту, үйлесімді тамақтану қағидаларын сақтау, дене белсенділігін бақылау, қалыпты көлемге дейін салмақты төмендету) туралы сұхбат беруді ұйымдастыру;

- республикалық және/немесе өңірлік басылымдарға артериялық гипертонияның басты белгілері, оның пайда болу ерекшеліктері, асқынуы, үй жағдайында артериялық гипертонияны өлшеу техникасы, емделуге ұстамдылық туралы хабарлау;

- Артериялық гипертонияның, мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу, жоғары артериялық гипертонияның алғашқы белгілері туралы халық жаппай жиналатын және демалатын жерлерде (саябақтар, сауда-ойын-сауық орталықтары, әуежайларда) ақпарат орналастыру, сұхбат беру, инфографикалар тарату;

- ұйымдардың Web-сайттарына, ақпараттық агенттіктерге жаңалықтар аңдатпасын орналастыру;

- МСАК, білім беру мекемелері, медициналық мекемеге тіркелген кіші және орта бизнес кәсіпорындарында қанайналымы жүйесін ауруларынан сақтандыру, мінез-құлықтық қауіпті факторлардың, соның ішінде шылымқорлықтың, насыбай, қорқорды тұтынудың алдын алу жөнінде аудио-бейнероликтер орналастыру;

- артериялық гипертензияның алдын алудың өзекті мәселері жөнінде жетекші бейінді мамандардың, барлық мүдделі тараптардың қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізу;

- онкологиялық ауруларды ерте анықтау мен алдын алу, салауатты өмір салты аспектілері туралы ақпараттық білім беру материалдарын (үнпарақтар, бүктемелер, кітапшалар) тарату;

- МСАК мекмелерінде, мектептерде, ОАОО мен ЖОО-да, халық жаппай жиналатын жерлерде радиоторап бойынша сөз сөйлеу;

- LED – мониторларға, қоғамдық көліктерге, метроға, халық жаппай жиналатын жерлерге, әуежайларға, көлік/теміржол бекеттеріне кинотеатр желілеріне, ірі сауда орталықтарына қанайналымы жүйесін ауруларының алдын алу жөнінде аудио-бейнероликтер көрсету.

- Артериялық гипертонияның алдын алу, инфаркт мен инсульттің даму қаупі, туралы ақпаратпен (түстідиодты дисплейде, баннерлерде, билбордтарда, ақпараттық бағаналарда, Roll-up бағаналарда және т.б.), сыртқы жарнама түрінде, өңірлік телеарналардан, қоғамдық көліктерде жүгірмелі жолдар, аялдамаларға, ХҚКО-ға, халық жаппай жиналатын жерлерге ақпараттар орналастыру.

- ұялы байланыс, әлеуметтік желілер, коммуналдық қызметтердің төлем түбіртектері арқылы SMS-хабарламамен профилактикалық бағыттағы ақпараттар жіберу (скринингтік тексеруге шақыру және профилактикалық шаралар), жеделсатыларға, тұрғын үйлердің кіреберістеріне ақпарат жабыстыру.

- Facebook, VКонтакте және т.б. әлеуметтік желілерде суреттермен/бейнематериалдармен артериялық гипертонияның алдын алу, ерте анықтау және мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу (темекі, ішімдікті шамадан тыс тұтынудан бас тарту, дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау, дене белсенділігін насихаттау, дене салмағын бақылау, қалыпты көлемге дейін салмақты төмендету) мәселелері жөнінде ақпараттар орналастыру.