Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

COVID-19 және темекі немесе никотинді қолдану

  23.01.2024
COVID-19 және темекі немесе никотинді қолдану

Темекі шегу өкпенің жұмысын тежейді, ал COVID-19 ең алдымен өкпені зақымдайды. Сонымен қатар, темекі шегу - көптеген респираторлық инфекциялардың, соның ішінде SARS коронавирустарының (алғаш рет 2003 жылы анықталған) және MERS-CoV (алғаш рет 2012 жылдың маусымында құжатталған) ауыр ағымының белгілі қауіп факторы. Темекі шегу иммундық жүйені де әлсіретеді. Бұдан бұрын жүргізілген зерттеулер туберкулез немесе пневмония ауруында темекіні қолданумен байланысты жағымсыз нәтиже бар екенін көрсетті. 

Қолда бар деректер темекі шегушілердің ешқашан темекі шекпеген адамдарға қарағанда, реанимация бөлімшелеріне жатқызу және өлім сияқты COVID-19 ауыр салдарынан зардап шегетінін көрсетеді. Сонымен қатар, COVID-19-дың ауыр түрлері немесе COVID-19-дан болатын өлім темекі шегуге байланысты қосарласқан аурулары бар адамдарда, соның ішінде ӨСОА, өкпе обыры басқа темекі өнімдерін (мысалы, қыздырылған темекі, қор-қор, сигарет өнімдері) және никотинді электронды жеткізу жүйелерін (мысалы, электронды темекі) пайдаланған жағдайда COVID-19 салдары туралы шектеулі ақпарат бар, дегенмен бұл өнімдер COVID-19 ауруына да  жағымсыз әсер етеді деп саналады.

Қазіргі уақытта электронды темекіні тұтыну мен COVID-19 ағымы арасындағы байланыс туралы мәлімет шектеулі. Дегенмен, қолда бар деректер никотинді электронды жеткізу жүйелері (НЭЖЖ) және «электрондық темекі» деп аталатын никотинді емес өнімдерді электронды жеткізу жүйелері (НеӨЭЖЖ) денсаулыққа зиян келтіретінін және жүрек-қан тамырлары мен өкпе ауруларының қаупін арттыратынын көрсетеді. COVID-19 тыныс алу жолдарына әсер ететіндіктен, электронды темекіні тұтыну инфекция қаупін арттыруы немесе COVID-19-да жағымсыз нәтиже болуы мүмкін.

Түтінсіз темекіні тұтынған кезде қол мен ауыздың жанасуы да жиі кездеседі. Түтінсіз темекіні (мысалы, шайнайтын темекі) тұтынумен байланысты тағы бір қауіп факторы - бұл темекіні шайнау процесінде сілекейдің көп бөлінуіне байланысты түкіру вирустың таралуына ықпал етуі әбден мүмкін.

Бүгінгі таңда темекіні немесе никотинді тұтыну мен COVID-19 алдын алу не емдеу нәтижелері арасында қандай да бір байланыстың бар-жоғын растау үшін жеткілікті ақпарат жоқ. ДДҰ ғалымдарды, зерттеушілерді және бұқаралық ақпарат құралдарын бұл мәселеге сақтықпен қарауға және темекі немесе никотин COVID-19 ауруының қаупін азайтуы мүмкін екендігі туралы дәлелденбеген мәлімдемелерді қайталамауға шақырады. ДДҰ жаңа ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне, соның ішінде темекі немесе никотинді қолдану мен COVID-19 арасындағы байланысты зерттеуге арналған тұрақты талдау жүргізеді.

Дереккөз: ДДҰ ресми сайты


Аурухана серіктестері