Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Бала семіздігінің өсуі

  29.06.2022
Бала семіздігінің өсуі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) дұрыс тамақтанбау семіздік, диабет, жүрек аурулары және обыр сияқты созылмалы аурулардың 60 пайыздан астамын тудыратынын айтады. Дұрыс тамақтанбау – аз қозғалысты өмір салты, темекі, алкоголь тұтынудан да қауіпті болып, аурудың себебіне айналуы мүмкін. Балалардың жетілуі мен денсаулығы үшін тамақтану ерекше орын алады. Дұрыс емес тамақтанумен тікелей байланысты балаларда салмақтың артық немесе жеткіліксіз болуының салдары қауіпті болуы мүмкін.

Баланың семіздікке шалдығуы – аса күрделі проблема. Егер адам бала кезінде семіздікке шалдықса, 90% жағдайда ол есейгенде де зардап шегеді.

Құрамында қант бар тағамдар мен сусындарды тұтынумен бірге келетін артық калория салмақтың өсуіне, артық салмақ пен семіздікке әкеледі, қан қысымы мен қан сарысуындағы липидтерге әсер етеді. Яғни, қант тұтынуды азайту жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін азайтуға көмектеседі деп болжауға болады. Ересектердің міндеті –  баланың ерте жастан бастап дұрыс тамақтануы мен дене белсенділігін қамтамасыз ету.

Балалардың тамақтануына назар аудару керек, бұл бала есейгенде де оған жағымды әсер етеді. Тамақтану режимі, тіпті ас қорыту тұрғысынан да маңызды – күніне үш рет тамақтану міндетті. Егер балада тамақтану режимі қалыптасса, онда белгілі бір уақытта асқазан сөлі мен ас қорыту ферменттері бөліне бастайды.

Артық салмақтың алдын алудың тағы бір маңызды мәселесі – дене белсенділігі. Статистикаға сүйенетін болсақ, балалардың 50% астамы спортпен шұғылданбайды. Дене белсенділігімен шұғылданатын балалардың басымдығы – олар көп калория жұмсайды. Гиподинамия – семіздікке әкелетін фактор. Егер балада артық салмақ болса, дәрігерлер арнай майды кетіруге бағытталған дене белсенділігін ұсынады.

Балалардың ақыл-ойын ғана емес, физикалық тұрғыдан да жетілдіре отырып артық салмақ пен семіздіктің алдын алуымызға болады.

Дене белсенділігі күн сайын болуы керек!

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының материалдарынан



Аурухана серіктестері