Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

АУРУДЫҢ АЛИМЕНТАРЛЫ ҚАУПІ: ТРАНС МАЙЛАРДЫҢ АТЕРОСКЛЕРОЗ БЕН ОНКОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ

  19.03.2024
АУРУДЫҢ АЛИМЕНТАРЛЫ ҚАУПІ: ТРАНС МАЙЛАРДЫҢ АТЕРОСКЛЕРОЗ БЕН ОНКОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ

Дүние жүзіндегі өлім-жітімнің басты себебі – қан айналымы жүйесінің аурулары және онкологиялық аурулар. Бүгінгі таңда созылмалы жұқпалы емес аурулардың негізгі қауіп факторлары дұрыс емес тамақтану, физикалық белсенділіктің болмауы, зиянді әдеттер болып табылады.

Тамақтанумен байланысты маңызды қауіптерінің бірі - транс майларын шамадан көп тұтыну.

ДДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын өнеркәсіптік өндірістегі транс майларды қолдану бүкіл әлемде 278 000-нан астам өлімге әкеледі.

ТРАНС МАЙЛАР (май қышқылдарының трансизомерлері, бұдан әрі – МҚТ) өсімдік майларын ішінара гидрогенизациялау (май молекулаларына сутегі қосылып, оны қатты күйге айналдырады) арқылы өндірілетін қанықпаған май қышқылдары.

МҚТ қайнар көздері

өнеркәсіптік

(тұтынуға болмайды)

табиғи

(тұтынуды шектеу керек)

маргарин, спредтер, өсімдік комби майлары, Ванаспати гхи майы, қуырылған тағамдар, пісірме (вафли, печенье, пирогтар, торттар), майонез, фаст-фуд

күйіс қайыратын жануарлардан (сиырлардан, қойлардан, ешкілерден) алынатын табиғи ет-сүт өнімдерінде олардың аз мөлшері бар

ТРАНС МАЙЛАР НЕМЕН ҚАУІПТІ?

  • Адам ағзасы МҚТ сіңіре және шығара алмайды, олар организмде жиналып, жасушалардың құрылымына еніп, олардың жұмысын бұзады. Көбінесе «нысана ағзалар» - бұл әйелдерде сүт бездері, еркектерде простата, онкология мен бедеулік қаупін арттырады.
  • МҚТ қандағы «жаман» холестерин (төмен тығыздықтағы липопротеидтер) деңгейінің жоғарылауына және атеросклеротикалық түйіншек пайда болуына ықпал етеді, бұл уақыт өте келе артериялардың бітелуіне әке соғады, тромбоз, инфаркт, инсульт және өлім қаупін арттырады


Өндірушілерді қызықтыратын МҚТ қасиеттері денсаулыққа пайдалы майлармен салыстырғанда олардың арзандығына, сондай-ақ оларды әртүрлі өңделген тағамдарға енгізуге жарамды ететін бірқатар химиялық және физикалық сипаттамаларға ие, мысалы, бөлме температурасында қатты күйде қалу мүмкіндігі, сондай-ақ осы тағамдардың сақтау мерзімін ұзарту.

ҚАУІПТІ ҚАЛАЙ АЗАЙТУҒА БОЛАДЫ?

Жеке деңгейде:

  • Табиғи МҚТ бар өнімдерді тұтынуды шектеңіз.
  • Құрамында МҚТ бар өнеркәсіптік өнімдерден бас тарту: пісірмелер, қуырылған өнімдер, жасанды (транс майлары қосылған) май өнімдері – ірімшікті, айран, сүзбелі өнімдері, әсіресе жүкті және бала емізетін әйелдерге, балалар мен созылмалы аурулары бар адамдарға.
  • Өнімді сатып алу кезінде құрамын мұқият қарау, өйткені өнімдегі транс майлардың болуы әрқашан жапсырмада көрсетіледі (маргарин, өсімдік майы, аспаздық май, ішінара гидрленген өсімдік майы, ішінара гидрленген май қышқылдары, қуыру майы, аралас май, гидрленген май) және олардан аулақ болу.

Мемлекеттік деңгейде:

  • Азық-түлік өнімдеріндегі МҚТ мөлшерін міндетті шектеудің сақталуын бақылау жалпы май құрамының 100 г-на 2 г-нан аспайды (ҚР-да май өнімдері үшін ЕАЭО техникалық регламенті қолданылады, МҚТ мөлшері 2% - дан аспайды).
  • Азық-түлік өнімдерінің рецептурасындағы МҚТ денсаулыққа пайдалы майларға ауыстыруға өндірушілерді ынталандыру.
  • ДДҰ әзірлеген REPLACE шаралар кешенін пайдалана отырып, өнеркәсіптік өндірілген транс майларды тамақ өнімдерінің құрамынан шығару саясатын әзірлеу және жүзеге асыру.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

МҚТ - бұл танымал май өнімдерінің, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің құнын бірнеше есе төмендетуге мүмкіндік беретін коммерциялық тұрғыдан өте тиімді компонент. Өкінішке қарай, жеке өндірушілер тұтынушылардың денсаулығына қарағанда өз кірістеріне көбірек көңіл бөледі.

Сондықтан қазіргі таңда транс майы бар тағамдардан бас тарту – денсаулыққа зиян келтірмеудің жалғыз жолы.



Аурухана серіктестері