Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Аборттың салдары және тиімді контрацепция әдістерінің рөлі

  18.07.2023
Аборттың салдары және тиімді контрацепция әдістерінің рөлі

Аборт (жасанды түсік) - түрлі эмоциялық және этикалық тартыс тудыратын күрделі және даулы мәселе. Жүктілік процессіне жасанды араласу әйелдің денсаулығына, сондай-ақ эмоционалдық және психологиялық жағдайына ауыр зардаптар тигізуі мүмкін. Дегенмен, контрацепцияның тиімді әдістерінің көмегімен осы жағымсыз әсерлердің көпшілігінің алдын алуға болады.

Аборттың зияны:

Аборт – әйел организмі үшін, әсіресе жас әйелдер үшін белгілі бір қауіп төндіретін, салдарға әкеп соғатын күрделі медициналық процедура. Аборттың қаупін түсінуге көмектесетін бірнеше медициналық дәлелдер:

1. Физикалық қауіп: Жасанды түсік түсіру инфекцияға, қабынуға, жатырдың немесе жатыр мойнының зақымдалуына және қан кетуге әкелуі мүмкін. Жас әйелдердің организмі толық қалыптаспауына байланысты асқыну қаупі жоғары болады. Аборттан кейін организмнің қалпына келуі айтарлықтай уақыт алуы мүмкін.

2. Фертильділік жоғалуы (бала көтермеу қаупі): түсік жасату әйелдің болашақта бала сүю қабілетіне әсер етуі мүмкін. Аборттың көпшілігі асқынусыз жасалатынына қарамастан, кейінірек бала туып, бала тууда қиындықтар туындайтын жағдайлардың белгілі бір пайызы бар.

3. Психологиялық салдар: Көптеген әйелдер эмоционалдық қанағаттанбаушылық және түсік түсіргеннен кейін депрессия, травмадан кейінгі стресс синдромын бастан кешіруі мүмкін, өзін-өзі кінәлі санауы мүмкін. Әсіресе жастар бұл эмоционалдық қиындықтарға оңай бас алдырады.

4. Этикалық және моральдық мәселелер: Көптеген жастар үшін аборт олардың діни немесе этикалық сенімдеріне негізделген этикалық және моральдық мәселе тудыруы мүмкін. Бұл ішкі жанжалдарға және ұзақ мерзімді эмоционалдық қиындықтарға әкеледі.

Тиімді контрацепция әдістерінің рөлі: Контрацепцияның тиімді әдістерін қолдану қажетсіз жүктіліктің алдын алудың негізгі факторы болып табылады, сондықтан түсік түсіру қажеттілігін азайтады.

Контрацепцияның көптеген әдістері бар, соның ішінде: дәрі-дәрмектер, вагинальды сақина, спираль, презервативжәне т.б. Әр әдістің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар, өзіңізге сәйкес тәсілді дәрігермен немесе отбасын жоспарлау жөніндегі маманмен бірге таңдауға болады.

Контрацепцияны дұрыс қолдану қажетсіз жүктіліктің алдын алуға көмектеседі, отбасын жоспарлауға мүмкіндік береді, бұл әйелдердің өмір сапасын жақсартады және түсік жасату қажеттілігін азайтады.

Қорытынды: Осылайша, түсік жасату әйелдің денсаулығына кері әсер етіп, эмоционалдық және психологиялық травма алуына әкелуі мүмкін. Әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтауда және олардың таңдау құқығын қамтамасыз етуде контрацепция құралдарын қолдану бойынша білім беру, қолжетімділік және қолдау маңызды рөл атқарады.

Ақылға қонымды шешім - қосымша ақпарат бере алатын және абортқа қатысты барлық сұрақтарға жауап беретін дәрігердің кеңесіне жүгіну. Аборт жасау туралы шешім тәуекелдерді, салдарды және өз құндылықтарын толық түсінуге негізделе отырып қабылдануы керек.


Аурухана серіктестері