Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ (лас қол ауруы)

  26.03.2024
А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ (лас қол ауруы)

А вирустық гепатиті (АВГ) - А гепатиті вирусынан туындайтын бауырдың жіті қабыну ауруы. Ауру көбінесе жеңіл және орташа түрде өтеді. Кейде ауыр жағдайларда АВГ жіті бауыр жеткіліксіздігімен, өліммен аяқталуы мүмкін (егде жастағы адамдарда).

А гепатитін жұқтыру қаупі сапасыз сумен жабдықтау жағдайында, нашар санитариялық-гигиеналық жағдайда және жеке гигиена қағидаларын сақтамаған жағдайда пайда болады.

Инфекция көзі: вирусты жұқтырған адам

Берілу жолы: фекальды-ауыз арқылы

  • ластанған су
  • ластанған азық-түлік (көкөніс, жеміс)
  • лас қол (науқаспен байланыста болғаннан кейін)

Инкубациялық кезең: 14 күннен 30 күнге дейін, АВГ науқасы симптомдар басталғанға дейін 2 апта бұрын және 1 аптадан кейін жұқпалы болады.

АВГ белгілері:

Жалпы

Типтік (40-50% жағдайда)

  • дене температурасының көтерілуі
  • бас ауруы
  • әлсіздік, солғындық
  • тәбеттің жоғалуы
  • жүрек айнуы
  • құсу
  • диарея
  • терінің және склераның сарғаюы
  • зәрдің қараюы
  • нәжістің түсінің өзгеруі

АЛДЫН АЛУ:

Вакцинация:

  • 2 жастағы балалар
  • инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар
  • алдын ала иммундаусыз эндемиялық жоғары аудандарға бармау

Жеке гигиена қағидаларын сақтау:

  • тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегеннен кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;
  • белгісіз көздерден өңделмеген су ішпеңіз;
  • көкөністер мен жемістерді таза ағынды сумен мұқият жуыңыз
  • ластанған су айдындарында шомылмаңыз.

Есіңізде болсын! Бұрын вакцинацияланбаған немесе аурумен ауырмаған кез келген адам АВГ жұқтыруы мүмкін. Қарапайым алдын-алу шараларын сақтау бұл аурудан аулақ болуға көмектеседі.


Аурухана серіктестері