Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

29 ҚАЗАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИНСУЛЬТПЕН КҮРЕС КҮНІ (WORLD STROKE DAY)

  27.10.2023
29 ҚАЗАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИНСУЛЬТПЕН КҮРЕС КҮНІ (WORLD STROKE DAY)

2023 жылғы 26 қазанда Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері ҚР Туризм және спорт, Экология және табиғи ресурстар министрлігтерінде Халықаралық инсультпен күрес күні аясында, сондай-ақ салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бойынша «Салауатты сандарға қол жеткіз!» бағдарламасын іске асыру аясында көшпелі ақпараттық-ағарту жұмысын өткізді.

Іс-шараның мақсаты: халықтың инсульттің алдын алу туралы хабардарлығын арттыру, осы мәселеге және инсульт пен оның асқынуларының дамуына түрткі болатын қауіп факторларына назар аудару.

Невролог дәрігер Ы. Сүтбаева қатысушылар үшін «Инсульт. Себептері, алғашқы белгілері, емдеу және алдын-алу» тақырыбында презентация ұсынды, СӨСҚО әдіскер-дәрігері Г. Тұрдынова «Тамақтану – қан айналымы жүйесі аурулары дамуының басқарылатын қауіп факторы ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

Тыңдаушылар тақырыптарды талқылауға белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтарын қойды (алғашқы көмек көрсету, алдын алу шаралары және алдын алудың ең тиімді әдістері туралы).

Кездесу соңында қатысушыларға осы тақырыптар бойынша жадынамалар таратылды. Министрліктердің 35 қызметкері қатысты.




Аурухана серіктестері