Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

2023 жылы ДДҰ Еуропалық аймағында қызылша ауруының отыз есе өсуі шұғыл шара қабылдауды қажет етеді

  09.02.2024
2023 жылы ДДҰ Еуропалық аймағында қызылша ауруының отыз есе өсуі шұғыл шара қабылдауды қажет етеді

ДДҰ Еуропалық аймағында қызылша ауруының үрейлі өсуі байқалады. 2023 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында аймақтағы 53 мүше мемлекеттің 40-ы 30 000-нан астам жағдай туралы деректер берді, бұл 2022 жылдың көрсеткішінен 30 есе көп (941 жағдай). Соңғы айларда жағдайлардың өсуі жеделдеді және егер аймақта аурудың одан әрі таралуын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылданбаса, бұл үрдіс жалғасады деп күтілуде.

«Біз өз аймағымызда қызылшамен сырқаттанушылықтың отыз есе өскенін көріп отырмыз, 21 000-ға жуық адам ауруханаға жатқызылды және бес адам қайтыс болды. Бұл жағдай алаңдаушылық тудырып отыр, - деді ДДҰ Еуропалық аймақтық директоры доктор Ханс Генри П. Клюге. «Вакцинация-балаларды осы ықтимал қауіпті аурудан қорғаудың жалғыз жолы. Инфекцияның берілуін тоқтату және оның одан әрі таралуын болдырмау үшін шұғыл түрде вакцинация шараларын қабылдау қажет. Барлық елдердің қызылшаны жою ісінде қол жеткізілген жетістіктерге қауіп төндіретін ауру ошақтарын жедел анықтауға және оларға уақтылы ден қоюға дайын болуы өте маңызды».

Вакцинациямен қамтуда олқылықтар болған жағдайда ауру өршуі мүмкін, ол барлық жастағы адамдарға әсер етеді.

2023 жылы қызылша барлық жас топтарына таралады, елдер арасында аурудың жас құрылымында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Жалпы, бес жағдайдың екеуі - 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар, ал әр бесінші жағдай – 20 жастан асқан ересектер. Қаңтар мен қазан айларын қоса алғанда 20 918 адам ауруханаға жатқызылды және екі ел қызылшаға байланысты жалпы бес өлім туралы хабарлады.

Аурудың мұндай өсуі көбінесе 2020-2022 жылдары болған Еуропалық аймақ елдерінде вакцинациямен қамтудың төмендеуімен түсіндіріледі. COVID-19 пандемиясы осы кезеңде иммундау жүйелерінің тиімділігінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді, бұл вакцинациядан өтпеген немесе толық өтпеген балалар санының көбеюіне әкелді.

Елдер ұсынған мәліметтерге сәйкес, елдер деңгейінде қызылшаға қарсы вакцинаның бірінші дозасымен қамту көрсеткіші аймақта 2019 жылғы 96% – дан 2022 жылы 93% - ға дейін, ал екінші доза 2019 жылғы 92% - дан 2022 жылы 91% - ға дейін, жалпы алғанда, 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде төмендеді. Аймақта 1 800 000-нан астам нәресте қызылшаға қарсы екпе алған жоқ.

Ішкі және халықаралық көлік қатынасына шектеулерді, сондай-ақ COVID-19 пандемиясы жағдайында енгізілген эпидемияға қарсы шараларды алып тастау қызылшаның трансшекаралық таралу және оның жергілікті қауымдастық деңгейінде, әсіресе вакцинацияланбаған немесе толық вакцинацияланбаған популяцияларда таралу қаупін арттырды.

Ауру жағдайлары бұрын қызылшаны эндемиялық ауру ретінде жоюды жариялаған көптеген елдерде тіркелген. Қызылшаны жоюға қол жеткізген елдер, егер барлық жергілікті қауымдастықтар балалық шақта жоспарлы вакцинацияның тұрақты жоғары (кемінде 95%) көрсеткіштерін қамтамасыз етпесе, вирус басқа елдерден әкелінген жағдайда ауыр зардаптармен оның өршу қаупіне ұшырайды.

Субұлттық деңгейде халықты қамтудағы олқылықтарды жою үшін жергілікті шешімдер қажет

2023 жылы қызылша ауруының алаңдатарлық өсуі әрбір қауымдастықта иммундаумен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізу және қолдау үшін барлық елдерде иммундаумен қамтудағы әділетсіз айырмашылықтарды анықтау және жоюдың маңыздылығын тағы да атап көрсетеді. Біздің одан әрі күш-жігеріміздің негізі жергілікті контекстке бейімделген және анықталған әділетсіз айырмашылықтарды жоюға және вакциналарға әділ қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған иммундау стратегиялары болуы керек.

Өңірдің бірқатар елдерінде жоспарлы иммундауды қамтамасыз ету бойынша күшейтілген шаралар қабылдануда және алдағы иммундау науқандары жүргізілуде. ДДҰ ЕАБ серіктестермен бірлесе отырып, аурудың ірі өршуі орын алған елдерге инфекцияға бейім байланысатын тұлғалардың жағдайларын тергеу, ауру ошақтарын анықтау және вакцинациялау, медициналық мекемелерде инфекциялық бақылауды жүзеге асыру, халықты ақпараттандыру және дабыл тудыратын мәселелер бойынша коммуникация, ауруды қадағалауды күшейту, сондай-ақ инфекцияға ден қою шеңберінде иммундауды жоспарлау және жүргізу үшін қолдау көрсетеді.

Дегенмен, барлық елдер, соның ішінде қазіргі уақытта қызылша жұқтыру жағдайлары жоқ елдер – оларды жою үшін жедел шаралар қабылдау үшін иммунитеттегі олқылықтар мен бағдарламаларының әлсіз жақтарын мұқият бағалауы керек.

Бүкіл аймақ бойынша қызылшаны жою жолына оралу

Қызылша мен қызамықты жою Еуропалық аймақтың барлық елдері үшін басым мақсат болып қала береді. Бұл ауруларды жоюдың маңызды шарттары жоғары популяциялық иммунитет, иммунитеттегі олқылықтарды жою және қоғамдық денсаулық сақтаудың тиісті шараларын қабылдау мақсатында жағдайларға мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін жоюға бағытталған қадағалау болып қала береді.

Қызылшаны жою үшін елдер қызылшаға қарсы компоненті бар вакцинаның екі дозасымен 95%-дан астам қамтуға қол жеткізуі және осы көрсеткішті сақтауы қажет. Осылайша, жоспарлы вакцинациямен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізу және иммунитеттегі олқылықтарды жою барлық елдер үшін негізгі басымдықтар болып қала беруі тиіс.

Дереккөз: ДДҰ ресми сайты


Аурухана серіктестері