Еуропалық кардиологтар қоғамының жаңартылған ұсыныстары (ESC) 2019» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция

«Еуропалық кардиологтар қоғамының жаңартылған ұсыныстары (ESC) 2019» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция

 

2020 жылғы 1 ақпан,
Нұр-Сұлтан қ-сы, Мәңгілік Ел даңғ., 80


«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК базасында (Нұр-сұлтан қ-сы, Мәңгілік Ел даңғ., 80) 2020 жылғы 1 ақпанда «Еуропалық кардиологтар қоғамының жаңартылған ұсыныстары (ESC) 2019» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияда Еуропалық кардиологтар қоғамының 2019 жылы Париж қаласында қабылдаған 5 жаңартылған ұсынысы  баяндалады және талқыланады: ESC/EAS 2019 дислипидемияны диагностикалау және емдеу бойынша; созылмалы коронарлы синдром; супровентрикулярлық тахикардия; жіті өкпе эмболиясын емдеу және диабет, диабет алды және жүрек-қантамыр аурулары бойынша клиникалық ұсыныстар: өзгерістерге шолу жүргізу, сондай-ақ мультифокалды атеросклероз және қантты диабеті бар коморбидті пациентті жүргізу тактикасы.

Конференция бағдарламасы кардиологтар, терапевтер, эндокринологтар, кардиохирургтар, аритмологтар, тамырлық хирургтарға арналған дәрістер, шеберлік-класстарды, сондай-ақ, оқыту соңында сертификаттар тапсырылатын кардиологиядағы коронарлық тамырлардың КТА бойынша мастер-класты қамтиды.


Конференция тақырыптары:

✔ Созылмалы коронарлы синдром – 2019 жылы қандай жаңалықтар болды. Жаңа ұсынымдар – СКС бар пациенттерді жүргізудің жаңа тәсілдері.

✔ ЖКС-мен ауырған пациенттерді липид азайтатын терапиядағы тәсілдердің эволюциясы: қандай жаңалықтар бар?  Дислипидемия. 2019 жылдың  басты оқиғалары, мәселелері мен даму келешегі.

✔ Диабет және СЖЖ, 2019 жылғы мәселелер туралы не білеміз. SGLT2 тежегіштері: СЖЖ алдын алу және емдеудегі жаңа дәуір.

✔ Өкпе гипертензиясы бар пациент, кешенді көзқарас. Пациенттің жіті ӨАТЭ-нан СӨАТЭ-на дейінгі жолы. ECS / ERS-тың жіті өкпе эмболиясын диагностикалау және емдеу бойынша жаңа ұсыныстары.

✔ Коморбидті пациент: Мультифокалды атеросклероз және қантты диабет (ECS 2019 ж.).

  

ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ


08:30 - 09:00

 

Қатысушыларды тіркеу

09:00 - 09:15

 

Конференцияның ашылуы

09:15

09:45

 

Созылмалы коронарлы синдром – жаңа терминология немесе жаңа тәсілдер. (ESC 2019)

►   Карабаева Раушан Жумартовна, м.ғ.д., «ҚР ПІБ МОА» ШЖҚ РМК директордың емдік-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары

09:45

10:00

 

ЖИА диагностикалаудағы КТ-тексеру (ESC 2019 жаңа ұсыныстарына сәйкес)

► Ельшибаева Эльмира Сериккалиевна – «АМУ» ҰАҚ сәулелік диагностика кафедрасының PhD докторанты, «ҚР ПІБ МОА» ШЖҚ РМК Диагностика орталығының КТ дәрігері

10:00

10:30

 

ЕКҚ-тың 2019 жылғы жаңартылған Ұсынымдары аспектісіндегі статинотерапия туралы мифтер мен нақтылығы

► Абсеитова Сауле Раимбековна, м.ғ.д., қауымдастырылған профессор, Қазақстан кардиологтар қауымдастығы басқармасының төрағасы, «ҰҒМО» АҚ

10:30

11:00

 

Жіті өкпе эмболиясын диагностикалау және емдеу бойынша ESC/ERS 2019 жаңа ұсыныстары

► Жусупова Гульнара Каирбековна, м.ғ.д., қауымдастырылған профессор, «АМУ» ҰАҚ Кардиология, ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі

11:00

11:30

 

Диабет, диабеттің алды және ӘМА: ESС/EASD 2019 ұсынымдарын шолу

►    Базарова Анна Викентьевна, м.ғ.к., «АМУ» ҰАҚ  Эндокринология кафедрасының доценті. Эндокринологиялық аурулар орталығының басшысы

11:30

12:00

 

Диабет және СЖЖ, 2019 жылғы мәселелер туралы не білеміз.    

►    Джолдасбекова Алия Утепбаевна, м.ғ.д., «ҚР ПІБ МОА» ШЖҚ РМК бас кардиологы

12:00

12:30

 

►   КОФЕ-БРЕЙК

12:30

13:00

 

Коморбидті пациент: Мультифокалды атеросклероз және қантты диабет (ECS 2019 ж.).

►    Джолдасбекова Алия Утепбаевна, м.ғ.д., «ҚР ПІБ МОА» ШЖҚ РМК бас кардиологы

13.00

13.30

 

 

 

ESC 2019 жаңа ұсынымдарына қатысты пациентті клиникалық талдау

►    Карабаева Раушан Жумартовна, м.ғ.д., «ҚР ПІБ МОА» ШЖҚ РМК директордың емдік-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары

13.30

14.00

 

►    СҰРАҚТАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ

 

►    СЕРТИФИКАТТАРДЫ ТАБЫСТАУ



Қатысу үшін өтінімдерді электрондық мекенжайға жіберу қажет: edu.sc.clinika@gmail.com
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефонға хабарласуға болады: 8(7172) 70-79-52.