ПАРКИНСОН АУРУЫ, ОПЕРАЦИЯ ЖӘНЕ ТЫНЫШ ӨМІР ТУРАЛЫ

Президенттік клиниканың пациенті әңгімелейді.

3K3A8534.JPG

Басында, әрине, пациентті таныстыруымыз керек еді, алайда осы жолы пациентіміз аноним қалуды қалады. Ол Президенттік клиникаға емделу үшін Қызылордадан келген, 2019 жылдың көктемінде диагнозы расталғаннан кейін, оған Паркинсон ауруының симптомдарын жою үшін жасалатын операцияның түрі «миға терең стимуляция» жасалды. Аталған операцияның қалай жасалатындығы туралы мына сілмеден оқи аласыздар: http://bmcudp.kz/ru/news/0/5994

Пациентіміз өзінің сауығуы туралы былай айтады: 

«Операция тоғыз сағатқа созылды. Барлығы өте жақсы өтті, Мен операциядан кейін тіпті ешқандай ауырсыну мен ыңғайсыздықты сезінбедім. Бұрындары қазір сізбен сөйлесіп отырғандай сөйлей алмайтынмын: мимикалық бұлшықеттерім қозғалып, қолым дірілдей беретін. Қолдарым қазір дірілдемейді (осы сәтте қолдарын алға созды). Мен өз бетіммен қозғалатынмын, бірақ сәл мазасыздансам, қолдарым дірілдей бастайтын.

3K3A8536.JPG

Отаның артықшылығы: бетімдегі мимикалық бұлшықеттер дірілдеуін тоқтатты, бетім бір жаққа тартып, тіпті басымды да тура көтере алмайтынмын. Осылайша дірілдеу жоғалды. Тек қазірге дейін дәрі ішіп жатырмын.  Дегенмен, операцияға дейінгі және қазіргі жағдайымның арасы жер мен көктей. Осы жолы қайта тексерілуге келдім. Қазір өзімді біршама жақсы сезінемін. Адам қатарына қосылдым".

«Операцияның мақсаты зиян келтірмей, емдеу», - дейді Президенттік клиниканың шақырылған маманы, Словакиядан келген невролог Матей Сковарнек. Бір жолы Ауруханаға келгенде дәрігер Сковарнек Президенттік клиниканың нейрохирургиялық командасымен бірге біздің пациентімізді тексеріп-қараған. Осы қабылдаудан кейін дәрігерлер оған операция қажет деген шешім қабылдайды.  Аталған диагноз қойылған пациенттердің барлығына не себепті операция көрсетілмейді және пациенттердің көпшілігі шын мәнінде Паркинсон ауруымен ауырмайтындығы туралы доктор Сковарнек егжей-тегжейлі әңгімелейді: http://bmcudp.kz/ru/news/7186

Айта кету керек, тек орта жастағы пациенттерді ғана емдеймейді: Паркинсон ауруының симптомдарын жоюға арналған операцияларды егде жастағы пациенттерге де жүргізеді. Президенттік клиниканың нейрохирургиялық командасы мұндай араласуларды 2019 жылдан бастап орындайды. Олардың ерекшелігі неде, біз оны егжей-тегжейлі сипаттадық: http://bmcudp.kz/ru/news/6284

Сондай-ақ, Президенттік клиниканың нейрохирургтарының қызметтері туралы біздің сайтымыздан оқыңыздар:http://bmcudp.kz/ru/about/hospital/2660

Егер сізді нейрохирургтың консультациясы қызықтыратын болса, 8 (702) 355 85 55 телефоны бойынша хабарласыңыз.