ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ ДОКТОРЫ «ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙІКТІСІ» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

Президенттік клиниканың докторы Талапбек Аженов дауыс беру нәтижесі бойынша «Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің «Үздік жыл дәрігері» атанды. 

Талапбек Аженов – 20 жылдық кәсіби тәжірибесі бар, жоғары санатты дәрігер оториноларинголог. Дәрігер 2015 жылдан бастап Президенттік клиниканың №1 хирургиялық бөлімшесін (оториноларингология, нейрохирургия) басқарып, қазіргі күнге дейін құлақ, тамақ және мұрын ауруларымен келетін пациенттерді емдейді және операция жасайды. 

Талапбек Әженов, Аурухананың дәрігерлер командасымен бірге емделушілердің есту қызметін жақсарту және сақтау үшін құлақ қуысының жұқа құрылымдарына күрделі операцияларды орындайды, бүгінде бөлімше дәрігерлері ринохирургияда – мұрын хирургиясында, жұтқыншақ және көмей хирургиясында жаңа технологияларды қолданады.

«Халықтық сүйіктісі» ұлттық жүлдесі елордада тоғызыншы жыл қатарынан өткізіліп отыр: елдегі ең үздіктерді халық дауыс беру қорытындысы бойынша таңдайды. Салтанатты мерекеде Қазақстандағы үздік жыл ұстазы, парламент мүшесі, бизнесменге статуэткалар тапсырылды.

Марапатталғандардың арасында танымал тұлғалар да болды: спорттағы жыл сүйіктісі мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Турсынбаева атанса, ал Димаш Құдайберген үздік мәдениет қайраткері атанды.

Президенттік клиника ұжымы Талапбек Мұратұлын құттықтай отырып, қызметіне кәсіби табыс тілейді!

82446682_1299283980280812_665652044626919424_n.jpg83335295_1299284056947471_8776336133991694336_n.jpg