Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

АҚ ХАЛАТТЫ "МЕССИ": ДОКТОР РАМОН КУГАТ ФУТБОЛ ЖАРАҚАТТАРЫ, ӨЗІНІҢ ЕҢ ТАНЫМАЛ ПАЦИЕНТТЕРІ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖАЙЛЫ

  24.04.2019

Ол футболшының мансабын жасай алар еді, алайда өзге жолды таңдады. Дегенмен, футбол әлі де оның өмірінің басты бөлігі: байырғы каталондықта басқаша мүмкін болар ма еді? Бүгін де доктор Кугат үшін футболдың маңыздылығы оның футболшыға, дәлірек айтқанда жарақат алған футболшыға деген маңыздылығымен бірдей. Бұрын Рамон Кугат - "Барселона" ФК жастар құрамының ойыншысы болған. 

 

Енді ол туралы спорттық басылымдар жазғандай, ол травматология мен ортопедиядағы "Месси" болды. Кем емес. Оған баспасөз беретін регалияларды қалай қабылдайды? Әлемдік футбол индустриясындағы хирург-ортопед болу дегеніміз не? Және бұл мамандықтың Қазақстанда дамуы туралы не ойлайды? Біз Президенттік клиниканың докторларымен бірге Қазақстанның травматолог-дәрігерлері мен ортопедтері үшін мастер-класс өткізген доктор Кугаттың өзінен сұхбат алдық.

2019.04.24 ДОКТОР РАМОН КУГАТ 1

Пеп Гвардиоланың өзі "әлемнің ең үздік дәрігері" деп атайтын адаммен сөйлесуді неден бастауға болады?

"Футболшылардың қайсысын көргенімді сұрайсыз ба? Жақында көргендердің арасында Гюндоган болды, ол Германия құрама командасы мен Манчестер Ситиде ойнайды, сондай-ақ оның командаластары да болды: Габриель Хесус, Фабиан Делф, Менди және Кун Агуэро".

 

Доктор Кугаттың айтқанындай "жуырдағы тізімде" Сити футболшыларының көп болуы футбол клубының бас бапкері Хосеп Гвардиоланың қызметі. "Көрдім" деген қысқа сөзі - "тексеру жүргіздім" және "операция жасадым" дегенді білдіреді.  2017 жылғы күзде Нью-Йорк Таймс Германия құрамасының мен Манчестер Ситидің футболшысы Илькай Гюндоганның тізе жарақаты туралы үлкен мақала жариялайды, оның бөлек тарауы доктор Кугатқа арналған және көрнекі түрде баяндалған: доктор Кугаттың футболшылардың өмірінде болуы - бұл өздігімен бөлек тарау, ол жуырда болған Гюндоганда және бұрын талай рет басқа да футболшыларда талай болған жағымсыз, кейде тіпті ауыр жарақаттарымен байланысты.

 

Кугаттың тізімі әлдеқайда кең: Британдық журналистердің оны еуропалық докторлардың беделді Корольдік академиясының қатарына қабылдау рәсімі кезінде жазғандай, егер зал дәрігерге өз құрметін білдіргісі келетіндердің барлығын сыйдырса, онда ол футбол жұлдыздарына толы болар еді. Сол кезде қатысқандар – Карлес Пуйоль, Сэск Фабрегас, Фернандо Торрес, Пабло Сабалета және бірнеше рет аталған Пеп Гвардиола. Онымен доктор Кугатта отыз жылға созылған ерекше қарым-қатынастары құрылған:

2019.04.24 ДОКТОР РАМОН КУГАТ 2

"Мен Хосеп Гвардиолаға ол әлі жас футбол ойыншысы болған кезінде операция жасағанмын, Луис Энрикеге де оның Барселона ФК бапкері және Испания құрамасының жаттықтырушысы мансабына дейін операция жасадым, бұл 25 жыл бұрын болды.  Сондай-ақ, Дрогба, Самюэль Это-О мен Чавиді де емдедім, қазір барлығын есіме ала алмаймын! Қалай болғанда да, менің бүкіл өмірім футбол мен футболшылармен байланысты". 

 

 

Немесе керісінше – белгілі футболшылар Кугатқа түсуге тырысады: тоқсаныншы жылдардың соңында Испания құрамасы мен Барселонаның ойыншысы Хосеп Гвардиола, мансабының шыңында тізе бүктірген бұлшық еттерінің жарақатынан шалынған кезде құрама мен клубтың бапкерлер штабының алдын ала келісімісіз Кугаттың көмегіне жүгінеді және бірнеше жылға созылған жарақаттан соң футболшының мансабын аяқтамас бұрын қатарға оралады. Манчестер Ситидің футболшысы және Гвардиоланың шәкірті Гюндоганды тізенің айқыш байламасының жарақаты ойыннан шектетіп жіберген кезде, ол Барселонаға, доктор Кугатқа емделуге барғаны ғажап емес.

"Менің емделушілерімнің 80%-дан астамы - футболшылар. Испания облысының Каталония футбол федерациясында ғана 165 000 кәсіпқой футболшы бар, жыл сайын орта есеппен 20 000-ға жуық жарақат болады. Бұл өте көп. Оның ішінде бір мыңға жуығы айқыш байламдарға тиесілі.

- Яғни көптеген операциялар тізе мен аяқ зақымдарына байланысты ма?

- Менің мамандандыруым - тізе, тобық, аяқ бұлшық еттері мен сіңірлерді емдеу. Біздің топта иық, қол, жамбас, шынтақ жарақаттарына маманданған дәрігерлер бар, бізде дәрігер, спорттық медицина маманы да бар, ол бұлшықеттер мен сіңірлердің жарақаттарын зерттеу үшін экографияны ғана орындайды. Яғни бағыттар өте тар және бір нәрсеге ғана бағытталған. Себебі тек осылай ғана біз өз саламыздағы терең білімді меңгере аламыз". 

2019.04.24 ДОКТОР РАМОН КУГАТ 3

Іс жүзінде талай рет тексерілген өзінің терең білімдерімен Рамон Кугат енді Президенттік клиниканың операция бөлмесінде бөліседі: микрофон мен құлаққаппен тікелей эфирде ол операцияның барлық барысын, кәсіби тілде айтқанда, "медиалық менисктің тігісін бекітумен алдыңғы айқыш байламының артроскопиялық пластикасы", ал жалпылай айтқанда - тізедегі манипуляциялар барысын, Кугаттың өзі бір жарым жыл бұрын Гюндоганға жасағандай процеске түсінік беріп отырды.  Тек бұл жолы оны Президенттік клиниканың хирург-ортопедтері орындайды, ал Рамон Кугаттың өзі ментор және комментатор ретінде операциялық орталықта футбол визави секілді, жиналған көрерменге кез келген спортшының өміріндегі ең басты тартыстың барлық маңызды сәттерін - жарақатпен күресін түсіндіреді.

 

"Айқыш баламдары үшін операциялардың көптеген түрлері бар, - деп дәрігер кейін түсіндіреді, – біз аутологиялық тінді пайдалана аламыз, яғни пациенттің өз тіндерін, мысалы, сирақта орналасқан, аяқтың ұзын кіші жіліктік бұлшық етін, тізе үстіндегі тіндерін, тізе асты сіңірдің бұлшық етін - аяқтағы тіндердің түрлері көп. Әдетте, өз тәжірибемде мен тінді тізетобықтан аламын - тізетобықтың ортасында орналасқан тіннің бір бөлігінен және асықты жілік тінінің бір бөлігінен кесіп аламын. Неліктен? Себебі бұл бұлшық еттің тіндері әсіресе спортшыларда өте күшті, мықты, серпімді болады, футболшылар көптеген жаттығуларды жасайды – жүгіру, секіру. Мен осы техниканы ұнатамын, алайда оның орындалуы өте күрделі. Ол хирургтың өте дәл және ұқыпты жұмысын талап етеді. Егер сәл қателікке жол берсе, онда спортшы үшін нәтиже жаман болады". 

Президенттік клиникада операция кезінде хирургтар пациенттің тізе буынына ұзын кіші жіліктік бұлшық еттің сіңірін орнатумен зақымданған байламдарды қайта жаңартты немесе қалпына келтірді десе де болады. Президенттік клиниканың хирург-ортопеді Асқар Баймұхаметовтың айтуынша, мұндай операциялар Ауруханада жасалып жатыр, бірақ ментор Кугаттың кеңестері бұл жолы оның егжей-тегжейлі тереңдеуіне көмектесті:

 

"Доктор Кугаттың көмегі операция кезінде бізге өз ұсынымдарын беруде, өз тәжірибесінде көптеп істеген және бізге белгісіз болған кейбір манипуляцияларды орындаудың нюанстарын көрсетуде болды. Сондай-ақ, біз травматология мен ортопедияда биотехнологияларды қолдануға байланысты көптеген ақпарат алдық".

2019.04.24 ДОКТОР РАМОН КУГАТ 4

Ойыншылар сізге жиі қандай жарақаттармен келеді? - доктор Кугаттан оның Президенттік клиникадағы дәрігерлерге арналған дәрісінің алдында қысқаша түрде сұхбат алдық. Дәрігерлер сол уақытта мастер-класқа қатысу үшін Қазақстанның түрлі қалаларынан келіп жатты.

- Жиірек? Айқыш байламдардың, менисктің, сіңір бұлшықеттерінің жарақаттары - деп залда бірте-бірте Шымкент, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Алматының дәрігер-травматологтары мен ортопедтерінің аудиториясы жиналып жатқанша доктор Кугат асығыс мәнерде, испан тілді спикерлерге тән сөздер арасындағы кідірістермен жауап береді. 

Яғни осы жарақаттардың барлығы толығымен емделуі мүмкін бе?

- Әдетте иә, біз бүгін жасағандай байламдарды қалпына келтіру арқылы емдей аламыз, бірақ кейде медиалық менискте, тізетобық аймағында операция жасаудың орнына, біз енді PRP (тромбоциттермен байытылған плазма) көмегімен жасушаларды өсіру факторы әдісімен биотехнологияны қолдана отырып, терапияны күшейтуге тырысып жатырмыз. Яғни, біз пациенттен қан үлгісін аламыз, оны плазма бөлінетін центрифугаға орналастырамыз, содан кейін инъекция ретінде денеге енгіземіз.

- Бұл терапия ма?

- Иә, бұл тізенің ішкі бүйірлік және айқыш байламдарын хирургиялық емес емдеу әдісі. Алдыңғы айқыш байламдардың құрылымы күрделі, сол себепті бұл жағдайда біз операция жасаймыз, оны сіз бүгін таңертең көрдіңіз.

 

Испаниядағы травматология ерекшеліктері туралы доктормен тағы да сәл сұхбаттасамыз. Мұндай операциялар үшін Барселонадағы арнайы "тіндер банкінен" алынған материалдарды да пайдаланады, доктор Кугат - "Испаниядағы ең ірілерінің бірі" дегені Испанияда өлген донорлардың ағзалары мен материалдары бар мұндай "банктер" бірнешеуі болғанын білдіреді.

2019.04.24 ДОКТОР РАМОН КУГАТ 5

Спорттық травматология мен ортопедияға деген мұндай егжей-тегжейлі назар түсінікті: ең беделді мамандықтардың бірі футболшы мамандығы болып саналатын, ал испандық Ла лига Еуропаның үздік футбол лигасы болып табылатын елде басқаша болуы да мүмкін емес: футбол - жүректе, әндерде, жанда, армандарда және нақты біздің сұхбаттасымыз үшін өткен естеліктерде:

                                                                                       

-Сіз өзіңізді футбол фанаты деп санайсыз ба?

- Әрине! Мен жастайымнан доп тебемін.

- Неліктен қойдыңыз?

- Мен алдымда таңдау тұрды: футболшының мансабы, не медицинадағы мансап.

- Сонымен сіз ойыншыларды емдейтін кәсіпті таңдадыңыз ба?

- Дәл солай!

2019.04.24 ДОКТОР РАМОН КУГАТ 6

"Осындай тәжірибесі мол мамандардан біз емделушімен қарым-қатынас жасау үлгісін, олардың егжей-тегжейлі тексеру ерекшеліктерін үйренеміз. Доктор Кугат әр пациентке бір сағаттан бөлді. Егер стандартты тексеру 15 минут болса, ол оған операция алдында үш-төрт есе көп уақыт жұмсады: ол пациенттің өмір салтын зерттеп, қандай спорт түрлерімен айналысатынын, қандай табыстарға қол жеткізгенін, бұрын қандай жүктемелер болғанын, мұндай жарақаттарға не әкелгені туралы сауалдар қойды. Мұндай қарым-қатынас пациенттің психологиялық бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді және таңдалған емдеу түрінен көмек болатынын түсіндіре алады? Өйткені пациентпен байланыс - бұл операцияның физикалық әсері ғана емес, сонымен қатар психология. Пациенттің кейіннен емдеуден оң нәтиже алуы үшін, онымен сенімді қарым-қатынас құру қажет", - дейді Болат Ысқақов, Президенттік клиниканың травматология, ортопедия және көз микрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі. Аурухана хирургтары доктор Кугатпен бірлесе отырып мастер-кластың үш күні ішінде бес операция жасады. Рамон Кугат өз тарапынан былай дейді:

 

"Аурухана жаңа, заманауи техникамен жабдықталған. Менде бүгін таңертең операциялық бөлмеге және ортопедия мен травматология операцияларына баруға мүмкіндігім болды. Техника өте жақсы орындалды. Осындай жұмыс деңгейін Германия, АҚШ, Испанияда да көре аласыз. Мен осындағы дәрігерлердің шеберліктеріне риза болдым. Бөлімшедегі барлық дәрігерлер де осындай деңгейде жұмыс істейді деп санаймын". 

2019.04.24 ДОКТОР РАМОН КУГАТ 7

Доктор дәрісінің басталуына дейін қалған екі минут ішінде тағы да екі қызықты сұрақтар қойып үлгереміз. Біріншісі:

- Егер құпия болмаса, сіз кімнің жанкүйерісіз?

- Менің сүйікті командаларым көп.  Олардың бірі, әрине, Барселона. Сондай-ақ маған Манчестер Сити өте ұнайды - мамандығым байланысты олармен көп араластым. Сондай-ақ - Челси, Ювентус, Интер, Милан, Аталанта, Сампдория, Рома, Испаниядағы көптеген клубтар.

 

Және екіншісі, каталондық үшін ең айқыны.

- Барселонаның негізгі қарсыластарының бірі "Реал Мадрид" ФК туралы не айтасыз? Егер сіздің пациентіңіз Реал ойыншысы болса, сізде оған деген өзгеше көзқарас болады ма?

- Менің жанкүйерлігіме қарамастан, мен мықтының жеңгенін қалаймын, яғни үздік футболды көрсеткендер. Бүгін Барселона Мадридке қарағанда оны жақсырақ көрсетеді. Мадридтің де тамаша ойын көрсеткен кездері болды.

Бірақ доктор ретінде, мен үшін ойыншының қай командада ойнайтыны маңыздылығы бойынша соңғы орында. Менің міндетім - маған жүгінгендердің әрқайсысын қарау және емдеу, өйткені бірінші кезекте мен фанат емес - доктормын. 

2019.04.24 ДОКТОР РАМОН КУГАТ 8

Бұдан асқан поэтикалық жауапты ойлап табуға бола ма? Доктор Рамон Кугат - жарты ғасыр өмір уақытын арнаған мамандығының фанаты. Біз онымен үйіне, Барселонаға кетер алдында тағы бір рет көрістік, жұмсақ қонуды тілеп, олардың ауа-райына қызықтық: сәуір айында Каталонияда – үнемі күннің көзі, ал бізде қар жауып тұрды. Дегенмен, доктор айтқандай, ең бастысы - қарым-қатынас, бұл ішкі көңіл-күйге, кәсіби тәсілге, терең танымға да қатысты, мұнсыз адамдарға көмек көрсету және құтқару қиынға соғады. 

2019.04.24 ДОКТОР РАМОН КУГАТ 9 


Аурухана серіктестері