ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ ӨМІР: ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАНЫҢ КАРДИОХИРУРГЫ ПАЦИЕНТТЕРДІ ЕМДЕУ ТУРАЛЫ

Рустам Рахимов - Президенттік клиниканың кардиохирургы. Біздің Аурухана дәрігерлерінің командасымен бірге ол Қазақстан өңірлеріне барып, "Менің сүйікті дәрігерім" акциясы аясында қала тұрғындарына тегін кеңес береді. Нәтижесінде келушілердің кейбірі Аурухананың пациенттері болады: доктор Рахимов бізге Президенттік клиникада емдеу үшін пациенттерді іріктеу туралы және үйге оралғаннан кейін олардың денсаулығын қалай қадағалайтынын айтып берді.

 

1. ПАЦИЕНТТІ АЛДЫН АЛА ДАЙЫНДАУ

Өңірлерде көмек көрсете алмайтын пациенттердің санаты бар, сол себептен олар республикалық клиникаларға барады. Аймақтардағы мамандар біз олардың ауруханаларында пациенттерге операция жасай алатынымызды білу үшін, олар пациенттерді біздің келуімізге дейін дайындайды. Адамдар бізге мақсатты түрде келеді.

 

Егер адам ұзақ уақыт бойы кардиологта қандай да бір ауру бойынша байқалса, мысалы, оның жүрек ырғағының бұзылуы, гипертония, жүрек тамырларының немесе клапанды аппараттардың проблемалары бар болса, емдеуші дәрігер оның диагнозын біледі және оны бізге қабылдауға жолдайды. Егер қандай да бір уақыт кезеңінде науқастар өз қалаларында технологияның, не маманның жоқтығынан, немесе олар ұзақ уақыт операция жасатуға шешім қабылдамаған болса, онда мұндай жағдайларда олар бізге түседі.

 

2. ЖОҒАРЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК, НЕМЕСЕ КВОТА БОЙЫНША ЕМДЕЛУ

Пациент біздің Ауруханада операция жасатуға квота алу үшін порталда тіркелген сәттен бастап, госпитализацияға дейін, бізде әдетте, ең көбі бір ай өтеді. Біз порталдық кезектің ұзақ уақыт бойы тоқтап қалуын болдырмауға және пациенттер біздің Ауруханада көмекті тез алдыруына тырысамыз.

 

Пациентті жазып шығару кезінде біз міндетті түрде оған қандай жиілікпен, кімде байқалуға, өз қаласында қандай тексеру жүргізу қажеттілігі бойынша ұсыныстарды береміз. Біз пациенттердің өздерін келесі тексерулердің нәтижелерін бізге жіберуін сұраймыз, сондай-ақ олар қараудан өтетін мамандармен байланысымызды жалғастырамыз, яғни емделгеннен кейін және өз туған қалаларына қайтып оралғаннан кейін де тұрақты байланыста болуға тырысамыз. Бізге әрбір пациент қымбат.