ҚАҚАЛУ: ЕГЕР АДАМ ҚАҚАЛЫП ҚАЛСА, НЕМЕСЕ ЖЕУГЕ БОЛМАЙТЫН ЗАТТЫ ЖҰТЫП ҚОЙСА НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ

Дәрігер Евгений Митин тағы да көмекке келеді: бұл жолы кенеттен қақалғандарға, немесе жеуге тиісті емес нәрселерді жеп қойғандарға. Егер адам кенеттен түйреуішті, инені, тіс тазартқышын, сіріңкені, қасықты және тіпті шанышқыны жұтса не істеу керек? Қақалғанға қалай көмектесуге болады? Және мұндай жағдайларда, біз үйренгендей арқадан қағуға болама? ҚР ПІБ МОА жедел жәрдемінің докторы Евгений Митин ең қажетті кеңестер береді.

2019.02.26 ЧТО ДЕЛАТЬ ЕСЛИ ЧЕЛОВЕК ПОДАВИЛСЯ 1

ЕГЕР ЖЕУГЕ ЖАРАМСЫЗ ЗАТТЫ ЖҰТЫП ҚОЙСАҢЫЗ

Кейде күтпеген жағдайларда біздің асқазанда, жұтқыншақта немесе жоғарғы тыныс жолдарына түсетін бөгде заттардан бастайық: оларды кәсіби тілде бөгде денелер деп атайды.

 

Бөгде дене - бұл денеде болуы тиісті емес зат. Бұған тұрмыстық заттар (қасықтар, шанышқылар, қаламдар, қалпақшалар), жаралаушы заттар (инелер, пышақтар, оқ) жатады. Олар ағзаға тері арқылы немесе табиғи саңылаулар арқылы түсуі мүмкін.

 

Бірақ қазір біз жоғарғы тыныс алу жолдары мен жұтқыншаққа түсетін бөгде денелер туралы сөйлесеміз, бұл көбінесе байқаусыздан, кездейсоқ, абайсыздан, ойын, күлкі, жөтел, немесе шошу кезінде болады.

 

НЕНІ ЖҰТЫП ҚОЮҒА БОЛАДЫ

Әрбір нәрсені. Біздің денемізде түйреуіштер, тиындар, инелер пайда болуы мүмкін: өте жиі әйелдер бір нәрсені тігу уақытында инені еріндерінің арасына қысады және кейін түшкіру немесе күлу кезінде, кенеттен оны жұтып қояды. Немесе біз сөйлесіп тұрғанда тісімізбен сіріңкені, немесе тіс тазартқышын қысып тұрамыз, оларды жөтел, не үрей кезінде жұтып қоюға болады. Кішкентай балалар еденде тапқан ұсақ ойыншықтарды, тиындарды аузына салуды жақсы көреді.

 

Бұл заттардың барлығы, егер олар кішірек болса, өңешке, асқазанға түсіп және одан әрі - ішекке кетуі мүмкін. Бірақ бағдары басқа да болуы мүмкін: бөгде дене кейде көмейге, жұтқыншақ пен кеңірдекке түседі, тіпті бронхқа жеткен жағдайлар да болған. Барлығы өлшеміне байланысты. Егер жұтқан зат өте ірі болса, онда ол, әдетте, жұтқыншақтың, не кеңірдектің деңгейінде тұрып қалады және тыныс алуды жабады. Сондықтан тұрмыстық құралдардың кейбір өндірушілері бұған ерекше көңіл бөледі.

 

Мысалы, өзіңіз білетіндей, қазір шарикті қаламның қалпақшалары саңылау болатындай есеппен өндіріледі – шарикті қалам қалпақшасының қысқышы мен қалпақшаның арасындағы кеңістік. Оны жұтып қойған жағдайда да ауа сол саңылау арқылы өкпеге жетеді. Сондай-ақ, өзіңіз де байқаған шығарсыз, қақпақшаның ұшында да кішкене тесік бар, бұл адамды тұншығып қалудан сақтай алатындай ауаны жеткілікті мөлшерде өткізеді.

 

НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?

Кейде кішірек бөгде заттар жұтқан кезде өңеш пен асқазанға түседі, немесе жиі болатындай, айналадағылар баланың бір кішкентай затпен ойнап, оны аузына салып, және бір мезетте заттың жоқ болып кеткенін де көрген шығар. Екі жағдайда да дәрігерге бару керек, асқазан мен өңешті тексеру керек. Егер мүмкіндік болса - мұндай жағдайларда бөгде денелер шығарылады. Егер зат өте терең кетсе және ол денсаулыққа аса қатты қауіп төндірмесе, онда ол табиғи жолмен шыққанша дейін күтуге болады. Егер бұл болмаса, онда бөгде денені хирургиялық тәсілмен жояды.

 

Бірақ егер бөгде дене тамақта тұрып қалса не істеген дұрыс?

Жоғарғы тыныс алу жолдарында өз ерекшелігі бар: дауыс саңылаулары оларға бөгде зат түскен кезде жабылып, оны қысып қалуы мүмкін. Мұндай физиологиялық реакция ларингоспазм деп аталады: ағза, бөгде затты ұстап қалып, оны одан әрі өткізбейді. Бірақ кей жағдайларда ол дауыстық байламдардан өтіп, кеңірдекке түсіп, дем алған сайын қозғала бастайды. Адам тыныс алуға қиналады: тоқтаусыз жөтел пайда болады, ал көмейдегі спазм тыныс алу жеткіліксіздігіне әкеледі. Бұл жағдайда баяусыздан әрекет жасау қажет.

2019.02.26 ЧТО ДЕЛАТЬ ЕСЛИ ЧЕЛОВЕК ПОДАВИЛСЯ 2

Бөгде дененің жұтқыншаққа, көмейге, жоғарғы тыныс алу жолдарына түскен кезде алғашқы көмек көрсету үшін Геймлих тәсілін қолдану керек.

 

1. Зардап шеккенді теріс қаратып, арқа тұсынан келіп, оның кіндігі мен ішінің жоғарғы жартысындағы аймақ аралығынан қолмен мықтап ұстау қажет.

2. Төменнен жоғары қарай бағытында көрсетілген учаскеге бірнеше рет жылдам басу керек. Осылайша, кеуде қуысының көлемі қысылады, нәтижесінде бөгде дене ауыз қуысына шығып кетуі тиіс.

2019.02.26 ЧТО ДЕЛАТЬ ЕСЛИ ЧЕЛОВЕК ПОДАВИЛСЯ 3

Абайлап әрекет ету қажет және затты бірден ауыздан шығару маңызды, себебі ол ішке қайта түсе алады: мұндай жағдайда зардап шеккеннің ең алғашқы ұмтылысы - ол ауаны мүмкіндігінше көп алу.

 

Егер адам есінен айырылса, онда келесі түрде жатқан жағдайда көмек көрсету қажет:

1. зардап шеккеннің аяқтарына отырамыз

2. екі қолмен айтылған жерге басамыз – кіндік пен іштің жоғарғы жартысы арасына төменнен жоғары

3. бірнеше рет жылдам басамыз.

 

Сондай-ақ тыныс алу жеткіліксіздігінен есінен айырылған адамда жүрек жеткіліксіздігі, яғни жүректің тоқтауы дамуы мүмкін.

 

Мұндай жағдайларда тез арада жүрекке компрессиларды жасауға кірісу керек, өйткені мидың өлмесі үшін қан айналымын қалпына келтіру қажет.

2019.02.26 ЧТО ДЕЛАТЬ ЕСЛИ ЧЕЛОВЕК ПОДАВИЛСЯ 4

Балаларда бөгде денелерді келесі тәсілмен шығарады:

1. баланы бетімен алқанға қаратып білекке жатқызамыз

2. екі саусақты аузына саламыз

3. жауырынның арасына итерумен жеңіл соққы жасаймыз.

2019.02.26 ЧТО ДЕЛАТЬ ЕСЛИ ЧЕЛОВЕК ПОДАВИЛСЯ 5

АРҚАДАН ҚАҚҚАН ДҰРЫС ПА?

Егер зат жоғарғы тыныс жолдарында тұрып қалса, онда арқадан қаққан нәтижесіз болады, өйткені бұндай әрекетпен біз тиісті импульс бере алмаймыз. Қаққан кезде, әдетте, зат соққыға қарсы қозғалады, жоғары қарай шықпайды.

 

Сондай-ақ, бөгде дене жұтқыншақтан өтіп, өңеште тұрып қалған жағдайлар да болады. Бұл құбылысты кардиоспазм деп атайды: үлкен, дұрыс шайналмаған азықтың түйірі кардияда - жүрек деңгейінде болатын өңештің бірінші бөлігінде тұрып қалады. Түйір жан-жақтан қысылғанынан құсу реакциялары әдетте оны жоғары итере алмайды, жұту да мүмкін емес, бұл кезде адамға дем алу қиынға соғады, себебі түйір трахеяны қысып тұр. Осының бәрі тұншықтырып қана қоймайды: зардап шегуші үрейге түседі, себебі ол түйірді не жұтып, не сыртқа шығара алмайды. Мұндай жағдайларда біз атропинді енгізу арқылы ғана дәрі-дәрмекпен көмектесе аламыз. Бұл өңеш бұлшық етін босаңсытып, асқазанға одан әрі өтуге мүмкіндік беретін дәрі.


Бұл үшін адамды дереу ауруханаға апарып, не жедел жәрдем шақыру қажет. Неғұрлым ертерек болғаны жөн.


МҰНЫҢ БӘРІН БОЛДЫРМАУ ҮШІН

Тамақ түйірімен, жемістердің және тосаптың дәндерімен қақалмас үшін, бізге бала кезімізден айтып жүретін "ас ішу кезінде сөйлеспеймін" қағидасын ұмытпау қажет. Сондай-ақ, зиянды әдеттерден арылу керек, мысалы, бөгде заттарды ауызда ұстау - тіс тазартқышты, түйреуішті, инелерді, қалпақшаларды, әйтпесе бір күні, күтпеген жағдайда олар одан әрі кетуі мүмкін.