Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасы қызметкерлері Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жаппай жаттығу жасады

  08.04.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасы қызметкерлері Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жаппай жаттығу жасады

Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында ҚР ПІБ МО ауруханасы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жалпыауруханалық жиналыста аурухана қызметкерлеріне арналған жаппай жаттығу өткізілді.

Аурухана қызметкерлеріне жаттығуды Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының оңалту дәрігері Эдуард Варушкин жүргізді. Қызметкерлер жаттықтырушының барлық іс-қимылын қайталап, жұмысқа деген құлшыныс пен серпімділігін арттыратын жаттығулардан кейін бойларын сергігіп алды.

Биылғы Дүниежүзілік денсаулық күнінің тақырыбы – «Менің денсаулығым, менің құқығым». ДДҰ сарапшылары сапалы медициналық қызметтерге, білім мен ақпаратқа, сондай-ақ қауіпсіз ауыз суға, таза ауаға, дұрыс тамақтануға, сапалы тұрғын үйге, еңбекке және қоршаған орта жағдайларына және кемсітушіліктен бостандыққа қол жеткізуге құқылы деп санайды.

– Жалпы адам мен қоғамның денсаулығы көптеген әлеуметтік, табиғи және биологиялық факторларға байланысты және 20% қоршаған ортасымен, 20% тұқым қуалаушылықпен, 50% өмір салтымен анықталады, оның тек 10% денсаулық сақтау жүйесіне байланысты. Сол себепті адамның денсаулығы, ең алдымен, оның өзіне байланысты, – дейді Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының әдіскер-дәрігері Гүлнар Тұрдынова.

Денсаулық пен салауатты өмір салты – бұл адамның осы әлемде өмір сүруінің қуанышты сезімін беретін негізгі құндылықтары.





Аурухана серіктестері