Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Павлодар облысындағы күндері аяқталды

  05.04.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Павлодар облысындағы күндері аяқталды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында ҚР ПІБ МО ауруханасының білікті дәрігерлері Павлодар  облысындағы жұмыс сапарында барлығы 11 күрделі операцияны сәтті жасап, 81 дәрігерлік кеңес жүргізіп, 381 медицина қызметкеріне 17 дәріс оқыды.

Атап айтқанда, ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары, жоғары санатты  нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев 2 күрделі операцияны сәтті жасап, 4 өңір тұрғынына дәрігерлік кеңес жүргізді. Гинекологиялық хирургия бөлімшесінің гинеколог дәрігері Әділ Адрешев 5 күрделі операция жасады. Оториноларингологиялық хирургия бөлімшесінің оториноларинголог дәрігері Дмитрий Когай 2 күрделі операцияны сәтті өткізіп, 3 дәріс оқыды. №2 хирургия бөлімшесінің хирургі Антон Ли  2 операцияны сәтті жүргізіп, 7 тұрғынға дәрігерлік кеңес берді.

Сонымен қатар ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева 3 дәріс, Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Бауыржан Бабашев 5 дәріс оқыды. Ал аурухананың бас офтальмологі Мадина Құрманғалиева глаукомамен зардап шегетін 13 тұрғынды қабылдады және 1 дәріс оқыды. Аурухананың бас кардиологі Әлия Жолдасбекова 8 пациентке, сондай-ақ бас эндокринолог Гүлмира Туксаитова аймақтың 19 тұрғынына дәрігерлік кеңес берді және бірігіп облыстық кардиология орталығында семинар өткізді.  

Аллергология орталығының аллерголог дәрігері Айгүл Сыздықова 1 дәріс оқып, өңірдің 7 тұрғынына дәрігерлік кеңес берді. Эпилептолог дәрігер Жасұлан Утебеков 13 тұрғынға дәрігерлік кеңес жүргізіп, 1 шеберлік сабағын өткізді. Эпилептолог Дархан Кимадиев медициналық мекемеде 10 тұрғынға дәрігерлік кеңес жүргізді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытындағы сапарда ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы және облыс әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.







Аурухана серіктестері