Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Қарағанды облысында іссапары басталды

  26.02.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің  Қарағанды облысында іссапары басталды

ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясының кезекті сапары 26-29 ақпан аралығында Қарағанды облысында жалғасын табады. Делегация құрамында ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева, Аурухана директорының хирургия бойынша орынбасары, жоғары санатты нейрохирург дәрігері Мыңжылқы Бердіқожаев, Урологиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Бахтияр Қасымов, уролог Айгүл Абдрахманова, проктолог дәрігер Григорий Яковенко, №2 хирургия бөлімшесінің хирургтері Талғат Оразов пен Антон Ли, №1 хирургиялық бөлімшесінің (оториноларингология) меңгерушісі Арман Нағұманов, Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің анестезиолог-реаниматологі Ғалия Шарипова, Аритмологиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, бас аритмолог Аян Әбдірахманов, Пульмонологиялық терапия бөлімшесінің пульмонолог дәрігері Мадина Есенгелдинова, Cheсk-up бөлімшесінің меңгерушісі Жазира Тұңғышбаева, Клиникалық-фармакологиялық бөлімінің меңгерушісі Алтын Нұрпейісова, Дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының меңгерушісі Гүлшара Әбілдина, Хирургиялық қызмет басшысы Берік Кайкенов, Гинекологиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Гүлбарам Башарова, Эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Арсен Түсіпбаев, Гастроэнтерология және гепатология орталығының бас гастроэнтерологі Бақытжан Биімбетов, Аллергология орталығының меңгерушісі Ғалия Түсіпбекова, №2 бөлімшенің меңгерушісі, бас эндокринолог Гүлмира Туксаитова және өзге де мамандар өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтар өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операциялар жасайды.

БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпаратты көрсетілген телефон нөмірі арқылы алуға болады: +7 702 420 5150


Аурухана серіктестері