Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасының Стоматологиялық бөлімшесі тіс саулығына қызмет етеді

  26.02.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасының  Стоматологиялық бөлімшесі тіс саулығына қызмет етеді

ҚР ПІБ МО ауруханасы Стоматологиялық бөлімшесі терапиялық, хирургиялық және ортопедиялық, ортодонтиялық қызмет түрлері бойынша науқастарды қабылдайды. Атап айтар болсақ, бөлімше мамандары тісжегінен бастап кез келген асқынуға дейін тістің саулығын қамтамасыз етіп, дәрі-дәрмекпен, физиотерапия әдістермен емдейді. Сондай-ақ ауыз қуысына жасалған диагностика нәтижесіне сай қызыл иектің, тіс айналасындағы тіндердің және ауыздың шырышты қабығының ауруларын емдеу іс-шараларын жүргізеді. Бұдан бөлек терапевт стоматологтер тісті тазалаудың кәсіби гигиенасын жүргізеді. Яғни ультрадыбыстық тазалау, Air-Flow және Vector аппараттарында тістік өңезді кетіріп, тіс эмалі мен қызыл иекке зақым келтірместен тіс аралықтарын терең тазалау қызметтерін ұсынады.

Хирургиялық стоматология бойынша бөлімше кез келген тісті күрделілігіне қарамастан жұлу, имплант орнату, қызыл иек пен ауыз қуысындағы әртүрлі қабыну процестерін, жақ, бет, тіс сүйектерін хирургиялық операция арқылы емдеуді ұсынады. Ал ортопедиялық стоматологияда тісті шегендеу, тіс, жақ, таңдай және бет кемістігіне уақытша брекет орнату қызметтері де бар. Барлық қызмет түрі білікті мамандармен орындалады.

Аурухананың Стоматологиялық бөлімшесінде 10-ға жуық дәрігер жұмыс істейді, олар жыл сайын еліміз бен шет елдерде білімі мен біліктілігін арттырып отырады. Бөлімшеде дәрігер мен науқасқа жайлы жағдай жасалған, әр бөлме соңғы үлгідегі замануи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген.

Қазіргі уақытта тіс дәрігеріне келетін адамдар жан-жақты біліммен қаруланғандықтан, тісті жұлуға емес, соңғы үмітке дейін емдеуге дәрігермен бірге жанталаса ниеттенетінін бөлімшенің терапевт стоматологі Айсұлу Сандыбай алға тартады.

Сонымен қатар дәрігердің айтуынша, жүкті және босанған әйелдерді иммунитеттің төмендеуі, дәрумендердің азаюы, гормондардың өзгеруі нәтижесінде тістің сынуы, түсуі, тісжегінің пайда болуы сияқты мәселелер көп толғандырады. Ондайда дәрігердің нұсқаулығымен калций дәруменін орнымен қолданудың маңыздылығын да ескертеді. Мәселен, стоматолог дәрігер Айсұлу Сандыбай емізу кезінде әйелдерге кальций препараттарын нәрестенің еңбегі қатқанша қабылдауға болмайтынын айтады.





Аурухана серіктестері