Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«AV Медикал групп» клиникасының сапары

  27.08.2022
ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ауруханасында шетелдік клиникалармен өзара іс-қимылы және серіктестік қатынастарын дамыту мақсатындағы «Клиникадағы клиника» жобасы аясында «AV Медикал групп» клиникасы (Ресей, Санкт-Петербург) делегациясының сапары өтті.

Делегация құрамында «АВ Медикал групп» өкілдері – бөлімше меңгерушісі, онколог дәрігер Тимур Андабеков, бөлімше меңгерушіс,і онколог дәрігері Мария Родина,  онколог-дәрігер Елена Напольская.  

Сапар барысында екі жақ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум клиникалық медицинадағы озық тәжірибемен өзара алмасуды, бірлескен клиникалық зерттеулерді ұйымдастырып, жүргізуді, ғылыми және клиникалық жобаларды іске асыруды, оның ішінде жарияланымдар мен мақалаларды бірлесіп дайындауды, мамандармен, ақпаратпен академиялық алмасуды, бірлескен ғылыми форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар және т.б. өткізуді көздейді. 
Кездесу барысында Ресей мен Қазақстанда халықаралық клиникалық зерттеулерді жүргізу ерекшеліктері, оның ішінде Аурухананың орындаушы ретінде халықаралық клиникалық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Ресми сапардың қорытындысы бойынша МОА басшылығының бірлескен халықаралық клиникалық зерттеулерді іске асыру, Аурухана қызметкерлерін «AV Медикал групп» клиникасы базасында халықаралық клиникалық зерттеулер менеджментіне оқыту, жас мамандардың, оның ішінде резиденттердің денсаулық сақтау саласындағы халықаралық гранттарға және т. б. қатысу мүмкіндігі бөлігінде Клиникамен серіктестік өзара іс-қимыл мүмкіндігін қарау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Аурухана серіктестері