Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ТМД және Орталық Азия елдері бойынша бірегей – Ядролық медицина орталығының мүмкіндіктерімен танысуға және баспасөз-турына қатысуға шақырамыз

  19.08.2022
Құрметті БАҚ өкілдері, баспасөз-турына қатысуға және ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ауруханасының ТМД және Орталық Азия елдері бойынша бірегей – Ядролық медицина орталығының мүмкіндіктерімен танысуға шақырамыз.

Қысқаша:
Орталықтың циклотронды кешені ПЭТ-диагностика жасау үшін 9 радиофармпрепарат өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді. Олар диагноз қою қиын обыр ауруларын, сондай-ақ кардиологиялық және неврологиялық ауруларды ерте кезеңде айырып тануға мүмкіндік береді.  Бұл препараттардың 8-і Қазақстанда бұрын өндірілмеген.
Диагностикалық блоктың негізі –  бүгінгі таңда әлемдік медицина индустриясында қолжетімді, сезімталдығы жоғары позитронды эмиссиялық компьютерлік томограф (ПЭТ/КТ сканері).
Ядролық медицина орталығының ашылуы қазақстандықтарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын едәуір арттыруға және пациенттердің зерттеуге кезегін азайтуға мүмкіндік береді (қазір пациенттер зерттеуге 3-4 ай бұрын жазылады).

Ядролық медицина орталығы бойынша баспасөз турының бағыты:
1 қабат: Циклотрон блогы – Өндірістік аймақ – Сапаны бақылау блогы
2 қабат: Пациенттерді қабылдау аймағы – ПЭТ/КТ блогы – ОФЭКТ/КТ блогы

Баспасөз туры 2022 ж. 22 тамызда өтеді.
Қатысушыларды жинау: Мәңгілік Ел к-сі, 80., МОА жаңа блогының орталық кіре берісі.
Басталуы: сағат 11.00
Баспасөз турына қатысушылардың аты-жөні + куәлік нөмірін 19 тамыз күні сағат 17.00-ге дейін presidentialhospital.kz@gmail.com электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз немесе 8(7172) 70-80-90, +7 777 483 91 18 телефондары арқылы беруге болады. 


ҚР ПІБ МОА баспасөз қызметі

Аурухана серіктестері