Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

МОА невролог дәрігерлері шеберлік сыныбына қатысты

  16.08.2022
«Клиникадағы Клиника» жобасы шеңберінде M.D, Ph.D., қауымдастырылған профессор, Луи Пастер атындағы университеттік клиниканың (Словакия) невролог дәрігері Матей Скорванек ҚР ПІБ Медицинадық орталығы Ауруханасының хирургия бөлімшелерінің невролог дәрігерлеріне шеберлік сыныбын өткізді.

 Шеберлік сыныбы аясында аурухана дәрігерлеріне келесі тақырыптар бойынша дәріс берілді: «Паркинсон ауруының диагностикалық критерийлері. Хирургиялық емдеудің мүмкіндіктері»; «Әр түрлі дистониялардың феноменологиясы және диагностикалық ерекшеліктері. Мидың терең стимуляциясына іріктеу критерийлері»; «Тремор. Феноменология. Диагноз қоюдағы практикалық әдістер. Тремордың әртүрлі түрлерін хирургиялық емдеу».

Шебердік сыныбы аясында сондай-ақ, 67 пациент үшін консультациялар өткізілді, олардың 1/3-і бұрын МОА-да операциялық ем алған пациенттер. Операцияның әсерін бақылау және нейростимуляция параметрлерін реттеу жүргізілді. Консультация алу үшін жүгінген пациенттердің негізгі бөлігі (50-ге жуық) Паркинсон ауруына шалдыққан, қалғандары паркинсонизм, дистония және тремор түрлерімен ауыратын пациенттер. Пациенттерді қарап-тексеру нәтижесінде доктор Матвей Скорванек Паркинсон ауруына шалдыққан пациенттердің симптомдары МОА-да консервативтік ем алуларына байланысты теңгерілгенін атап өтті.  

 Матей Скорванекпен Медициналық орталық дәрігерлері бірлесіп неврология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі бойынша одан әрі ынтымақтастық жоспарларын белгіледі. Шеберлік сыныбына МОА 5 невролог дәрігері, 2 UMC резиденті және Ақтау қаласының медициналық ұйымынан 1 дәрігер қатысты.

Аурухана серіктестері