Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚАНТАМЫРЛЫҚ ХИРУРГИЯДАҒЫ ЖОСПАРЛЫ ОПЕРАЦИЯЛАР

  14.07.2022
Президенттік клиника ӘМСҚ шеңберінде ересектерге арналған қызметтердің толық тізімін көрсетеді. Қантамырлық хирургияда тыртық қалдырмайтын аз инвазивті тиімді операциялар жасауға мүмкіндік беретін  заманауи технологиялар қолданылады. Олардың көмегімен хирургия шеңберінде стационарда болу күнін бір күнге дейін қысқарта отырып, жоспарлы операциялардың барлық түрі жасалады:
 
- Аяқ варикозы кезінде веналардың сафенэктомиясы (алып тастау), сондай-ақ наркозсыз және тіліксіз, варикозды веналардың тыртық қалдырмайтын лазерлік немесе радиожиілікті аблациясы жасалады. 
- Аяқ артерияларының атеросклерозында реконструктивті операциялар жасалады: ашық шунттаушы операциялар (аорто-сандық, сан-тақымдық шунттау және т.б.), рентгенэндоваскулярлық (стент орнату, баллонды ангиопластика), сондай-ақ көпдеңгейлі атеросклеротикалық артериялардың зақымдануы кезінде гибридті операциялар (рентгенэндоваскулярлық (стенттеу) ашық реконструкциялармен байланыстыру).
- Диабеттік табан, табанның, сирақтың трофикалық бұзылуы кезінде бір уақытта кешенді бактерияға қарсы және қантамырды кеңейту емін жүргізе отырып, аяқ-қол қан айналымын қалпына келтіру.
- Басқа артериялардың атеросклерозы кезінде (күретамыр, бұғанаасты, бүйрек және т.б.) дәстүрлі шунттау, эндартерэктомия және стенттеу.
- Кеуде немесе ішперде аневризмасы кезінде стент-графт имплантациясы (ең аз инвазивті, аз травмалық операция)
- Ұзақ бағдарламалық диализді қажет ететін пациенттерде артерия-веналық фистулаларды қалыптастыру сондай-ақ, қайта қалыптастыру
- Әртүрлі локализациядағы гемангиомамен эндоваскулярлық тромбоэмболияны кесіп алып тастау.

Жазылу үшін Call орталыққа 8 (7172) 70-80-90 нөмірі арқылы хабарласа аласыз

Аурухана серіктестері