Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

РЕЗИДЕНТУРАҒА ТАПСЫРАТЫНДАР ҮШІН ХАБАРЛАНДЫРУ

  01.07.2022

Құрметті «Қазақстан Республикасы Президентінің ІсБасқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК РЕЗИДЕНТУРАСЫНА түсуге үміткерлер! 

Аурухана резидентураға түсушілердің құжаттарын ақылы негізде келесі білім беру бағдарламалары бойынша қабылдайды:

7R01102 «Медициналық генетика»

7R01103 «Урология және андрология ересектердің, балалардың»

7R01104 «Кардиология ересектердің, балалардың»

Резидентураға жоғары білім мен интернатураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар қабылданады.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 03-25 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Резидентураға түсу емтихандары 2022 жылғы 08-16 тамыз аралығында болады.

100 баллдан кемінде 75 балл жинағандарды түсу емтиханы қорытындысы бойынша резидентураға қабылдау 2022 жылғы 28 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Резидентурада бір жылдық оқу құны 1 020 000 теңге.

Құжаттар Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е 495 көшесі, 2-ғимарат, F блогы, 4-қабат, 1-кабинетте  сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-14.00) күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін қабылданады. Байланыс телефоны: 8 (7172) 70-79-52.


Аурухана серіктестері