Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАДА АУРУХАНА БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТҰРҒЫН ҮЙ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕН «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТТІ

  23.06.2022
Отырыс барысында Президенттік клиника жұмыскерлерінің көп балалы отбасы, толық емес отбасы,  мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы сияқты санаттарына тұрғын үй алуға көмек көрсету мәселелері талқыланды. Отырыста тұрғын үй департаментінің қызметкерлері әр қатысушыға тұрғын үй алудың мемлекеттік бағдарламалары туралы түсіндіріп, консультация берді. 

Президенттік клиника жұмыскерлеріне сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй  мемлекеттік бағдарламаларына қатысу ұсынылды. Отырыс қорытындысы бойынша жоғарыда аталған санаттар бойынша тұрғын үйге мұқтаж 8 жұмыскер Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғын үй департаментіне қабылдауға жолданды.

Аурухана серіктестері