Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКА ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ РАДИОИЗОТОПТЫҚ ДИАГНОСТИКА БӨЛІМШЕСІНДЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӨЗДЕРІ ЖАСАҒАН АҒАШ ОРНАЛАСҚАН

  28.06.2022

Радиоизотоптық диагностика бөлімшесінің дәрігерлерішамамен бір жарым жыл бұрын өз қолдарымен жасаған туындыны «Өмір ағашы» деп атайды. Бұл ағашты жасау бөлімше қызметкерлерінің идеясы. Пациенттер белгілі бір түсті жапырақты ағашқа жабыстырып, бөлімшенің жұмысын баға береді.Түстер ассоциациялар негізінде таңдалады: қызыл жапырақ – ұнамады, сары – қанағаттанарлық, жасыл – жақсы, ал қызғылт гүл – ең жоғары баға. 

- Ағашты жасауға жұбайым көмектесті, ол нобайын өзі салып, кесіп шықты. Жапырақтар мен гүлдерді тігуге бөлімше дәрігерлері, мейіргерлері, химиктері және басқа қызметкерлері ат салысты. Біз жұмысымыздыңдұрыс және жақсы жүріп жатқанына сенімді болғымыз келді. Басшы ретінде мен үшін бұл пациенттер бөлімшеде өзін қалай сезінетіні туралы күнделікті ақпарат алуға, диагностика үдерісін бақылауға жақсы мүмкіндік, – дейді Президенттік клиника Ядролық медицина орталығының басшысы Айгүл Сәдуақасава.

– Біз негізінен онкологиялық пациенттермен жұмыс істейміз, сондықтан біз бұл ағашты өмірге деген үмітпен,  ауруды жеңуге болады деген сеніммен байланыстырамыз. Мені күн сайын ағашымызда тек жасыл жапырақтар мен гүлдер «гүлдеп» тұрғаны қуантады.


Аурухана серіктестері