Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасында ашық есік күні өтті

  13.06.2023
ҚР Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасында ашық есік күні өтті

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ҚР ПІБ МО ауруханасы науқастарға тегін дәрігерлік қабылдау ұйымдастырып, ашық есік күнін өткізді.

Аурухананың білікті дәрігерлеріне қаралуға келген халықтың легі аз болмады. Терапевтік және хирургиялық бейіндегі 16 дәрігерге нейрохирург, ревмотолог, нефролог дәрігерлері қосымша көмекке келді. Дәрігер қабылдауына кезегін тосқан науқастар ауруханадан шығару қағазы, талдау қорытындылары мен соңғы УДЗ/МРТ суреттерін көрсетіп, дәрігерге өз шағымдарын айтып үлгеруі үшін ашық есік күнінің уақыты да ұзартылды.

Ашық есік күнінде оториноларинголог, хирург, травматолог-ортопед, уролог, кардиохирург, нейрохирург, акушер-гинеколог, аритмолог, пульмонолог, ревматолог, терапевт, нефролог дәрігерлеріне барлығы 307 науқас қаралды.

–        Ашық есік күнін ұйымдастырғандарыңызға алғысымды білдіремін. Бұны дәстүрге айналдырсаңыздар жақсы болар еді. Мен кардиохирургтың қабылдауында болдым, өте салмақты, бастысы білікті дәрігер екен, денсаулығыма қатысты аса құнды консультация берді. Кәсіби мамандардың көмегіне риза болып қайттым, – дейді ашық есік күніне келген астаналық тұрғын Мақсат Мұсабеков.

–        Аурухана ұжымы мықты дәрігерлерімен ешқандай ақысыз кездесіп, толыққанды тексерілуден өтуге мүмкіндік беріп отыр. «Ашық есік күні» акциясының болатынын естіп, ортопедтің қабылдауына келдім. Мені мазалаған мәселеге қатысты барлық сұраққа кәсіби жауап ала алдым. Келген кісінің бәрі өз кезегін сабырмен күтіп, алғыспен шығып жатыр, – дейді ашық есік күніне келген Әлия Нысанбаева.

ҚР ПІБ МО ауруханасының дәрігерлері мен медбикелері іс-шараға белсенді қатысып, әр келушіге жеке ілтипат көрсетті. Халыққа өз денсаулықтарына көңіл бөліп, білікті мамандардың кеңесін алуға мүмкіндік сыйлаған шара әлі де жалғасын табуы ықтимал.






Аурухана серіктестері