Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиника Венгрияның Ұлттық орталығымен бірлескен жұмысын бастады

  07.02.2022

Президенттік клиника Геттеген Дьердя атындағы Ұлттық жүрек-қан тамырлары аурулары орталығымен (Венгрия Республикасы) онлайн кездесу өткізді. Қатысушылар өзара ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Тараптар кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді Президенттік клиника тәжірибе, ғылыми база алмасып, Венгриядағы әріптестерімен бірлескен іс-шаралар өткізетін болады.

Геттеген Дьердя атындағы Ұлттық жүрек-қан тамырлары аурулары орталығы 1957 жылы құрылған. Бұл Еуропадағы жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша қызмет көрсете бастаған алғашқы клиника. Бүгінгі таңда Венгрияның Ұлттық орталығы әлемдегі жетекші медициналық мекемелердің бірі болып табылады.


Аурухана серіктестері