Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиника бірегей операция әзірлегені үшін Ресей Федерациясының патентіне ие болды

  27.01.2022

Салдарын жою - онкологиялық ауруларды емдеудің бірегей әдістемесі дәл осы мақсатқа арналған. Бас пен мойындағы ісікті алып тастау кезінде көп жағдайда беттегі нервтерге зақым келеді. Операциядан кейінгі бет нервтерінің зақымдану салдарын хирургиялық түзету әдісі пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.

«Ең алдымен біз пациенттің өмірін сақтап қалуымыз керек. Өкінішке орай, бас пен мойындағы ісіктерді алу кезінде беттің нервтеріне зақым келуі мүмкін. Біздің әзірлеген әдістемеміз осы мәселені шешуге көмектеседі», - деп атап өтті Президенттік клиниканың бас онкологы Насрулла Шаназаров.

Бірегей әдістеме Қазан федералдық университетінің ғалымдарымен бірлесіп әзірленді. Әдістемені әзірлеуге Президенттік клиниканың авторлар ұжымы - Валерий Бенберин, Насрулла Шаназаров және Андрей Авдеев қатысты. Жақында Президенттік клиникада бет-жақ хирургиясы бөлімшесі ашылу жоспарлануда, аталған жаңа әдістеме осында қолданылатын болады.


Аурухана серіктестері