Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Ерлан Баттақов Президенттік клиниканың дәрігерлерін «Құрмет» орденімен марапаттады

  15.12.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ҚР Президентінің Іс Басқарушысы Президенттік клиниканың дәрігерлерін «Құрмет» орденімен марапаттады. Атаулы мерейтойлық мерекеде директордың емдік-диагностикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева, директордың стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары Насрулла Шаназаров және хирург-проктолог Фатима Борсова жоғары мемлекеттік наградаға ие болды.

Раушан Қарабаева медицина ғылымдарының докторы. Мамандығы - кардиолог. 2013 жылдан бастап директордың орынбасары қызметін атқарып келеді. АҚШ-тың Virginia Commonwealth University-де тағылымдамадан өткен.

Насрулла Шаназаров - медицина ғылымдарының докторы. Мамандығы - дәрігер-онколог. Насрулла Шаназаров Президенттік клиниканың бас онкологы. Онкологиялық ауруларды «фотодинамикалық терапия» әдісімен емдеумен айналысады.

Фатима Борсова медицина ғылымдарының кандидаты. Мамандығы - дәрігер-проктолог. Фатима Борсова Президенттік клиниканың ең мықты хирургтарының бірі.

msg401862859-149694.jpg  msg401862859-149698.jpg

msg401862859-149699.jpg  msg401862859-149695.jpg

msg401862859-149697.jpg  msg401862859-149696.jpg


Аурухана серіктестері