Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Сібір онкологиялық журналы Президенттік клиника дәрігерлерінің ғылыми мақаласын жариялады

  09.11.2021

Президенттік клиниканың директоры Валерий Бенберин бастаған авторлар тобы ғылыми журналда «Қуықасты безі қатерлі ісігінің молекулалық-генетикалық маркерлерінің қазіргі заманғы көрінісі» атты мақала жариялады. Авторлар әртүрлі этникалық топтардың өкілдеріндегі қуықасты безі қатерлі ісігінің даму қаупін анықтауға арналған молекулалық-генетикалық зерттеулердің мәліметтерін ұсынды. Ғылыми жұмыста еуропалық және азиялық этникалық топтардың мәліметтері бар.

Сібір онкологиялық журналы Ресей Федерациясында шығарылатын жетекші рецензияланған ғылыми басылым болып саналады.


Аурухана серіктестері