Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасының Ультрадыбыстық диагностикасы

  11.01.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасының Ультрадыбыстық диагностикасы

ҚР ПІБ МО ауруханасының Ультрадыбыстық диагностика бөлімшесі заманауи және жоғары сапалы жабдықтарымен және дәл әрі анық диагностика жасаудың білікті мамандарымен дараланады.

Аурухананың Ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінде адамның барлық дерлік жүйесі мен мүшесін бағалау үшін қолданылатын диагностикалық әдістер жасалады. Бұл – зерттеу мен диагноз қоюдың, сондай-ақ емдеу динамикасын бағалаудың ең танымал, қарапайым және ақпараттық әдісі. Бөлімше қызметіне іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі (бауыр+өт қабы+ұйқы безі+көкбауыр), өт қабының жиырылғыштығын анықтайтын ультрадыбыстық зерттеу, гепатобиллиарлы аймақтың қантамырларын дуплексті сканерлеу, бүйрек және бүйрек үсті, қуық және қуық асты безі, ұма ағзалары, кіші жамбас ағзалары, қалқанша безі, сүт бездері, сілекей бездері, лимфа түйіндері, жұмсақ тіндер, қол және аяқ экстракраниальды қантамырлар, плевра қуысы, буындар, жүктілік кезіндегі ультрадыбыстық зерттеулер, сондай-ақ фолликулогенез мониторингі, бауыр эластографиясы (қозғалмалы толқынмен), бүйрек қантамырлары мен перифериялық нервтердің ультрадыбыстық доплерографиясы кіреді.

– Ультрадыбыстық зерттеу – бұл ең қауіпсіз және қолжетімді диагностикалық әдістердің бірі. Зерттеу дұрыс және сенімді өтуі үшін сақталуы керек нұсқаулықтар бар. Мысалы, іш қуысы туралы айтатын болсақ, бір апта ішінде газ түзетін тағамдардан бас тарту керек, аш қарынға, бір күн бұрын жеңіл кешкі ас ішіп келу керек. Егер қуыққа ультрадыбыстық зерттеу жүргізілсе, ерлер де, әйелдер де тексеруден бұрын 0,5-1 литр сұйықтық ішуі керек. Зерттеу жүргізуге қарсы көрсетілімі бар науқастар туралы да айтып өтуге болады. Егер сенсор мен терінің жанасу орнында ауыр дерматологиялық аурулар, қабыну процестері немесе жарақаттар болса, трансердегі қуық асты безіне жасалған операциядан кейін, онда жарықтар мен ойық жаралар болған кезде, кейбір гинекологиялық операциялардан кейін ультрадыбыстық зерттеу жүргізілмейді, – дейді ҚР ПІБ МО ауруханасының Ультрадыбыстық диагностика дәрігері Айжан Ахметжанова.

Ультрадыбыстық зерттеу дәрігерге дұрыс диагноз қою үшін қажетті ақпаратты беретін қауіпсіз, тиімді және дәл диагностикалық әдіс болып табылады. ҚР ПІБ МО ауруханасының Ультрадыбыстық диагностика кабинеттері Canon (Japan) өндірісінің сараптамалық сыныптағы Logiq E9 (GE), Logiq P9 (GE), Aplio 450e ультрадыбыстық сканерлермен жабдықталған.


Аурухана серіктестері