Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасының 2023 жылғы қорытындысы

  03.01.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасының 2023 жылғы қорытындысы

ҚР ПІБ МО ауруханасының өткен жылғы жұмыс қорытындысы елеулі жетістіктер мен медициналық қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сай ұмтылысын көрсетеді.

Аурухананың кез келген жетістігі мен артықшылығы барлық қызметкердің ұйымдасқан еңбегінің нәтижесі болып табылады. ҚР ПІБ МО ауруханасының басты артықшылығы – профессорлар, докторлар, медицина ғылымдарының кандидаттары және шетелде үздіксіз және тұрақты негізде тағылымдамадан және біліктілігін арттырудан өтетін жоғары санатты дәрігерлерден тұратын жоғары білікті медициналық персонал.

  • «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» Қазақстанның 8 өңірінде өтті. ҚР ПІБ МО ауруханасының үздік жоғары білікті дәрігерлері 104 хирургиялық операция жасады, 431 пациентке қажетті консультациялық көмек көрсетілді. Облыс дәрігерлері үшін емдеудің инновациялық әдістері бойынша 70-тен аса дәріс пен семинар оқыды. Өңірлердегі әрбір жұмыс сапарында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен облыс әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
  • ҚР ПІБ МО ауруханасының Ядролық медицина орталығында үш радиофармпрепарат өндірісі сәтті іске қосылды: 18F-NaF, 11C – Met, 18F-DOPA. Қазіргі уақытта Орталық 6 радиофармацевтикалық препаратты ұсынады. Бұл препараттар әртүрлі ауруларды жоғары дәлдікпен диагностикалауда шешуші рөл атқарады және ТМККК және МӘМС шеңберінде 20-дан астам ПЭТ/КТ зерттеу түрлерін, бекітілген диагностика хаттамаларын және тарифтерді жүргізу үшін сәтті қолданылады. Бір жыл ішінде Ядролық медицина орталығы 8000-нан астам ПЭТ/КТ зерттеулер жүргізді, бұл жаңа препараттарды сәтті енгізілгені мен қолданылғанын көрсетеді.
  • 2023 жылдың басынан бастап ауруханада 5 мамандандырылған медициналық клиникалық орталық ашылды, онда жыл қорытындысы бойынша еліміздің барлық өңірінен 9000-ға жуық пациент ем алды:
    • Диабеттік аяқ орталығы;
    • Респираторлық медицина орталығы;
    • Гастроэнтерология және гепатология орталығы;
    • Спорттық медицина орталығы;
    • Аутоиммунды аурулар орталығы.
  • Аурухананың хирургиялық бөлімшелерінде өткен жылы 8500-ден астам операция жасалды, оның ішінде 384-і жоғары технологиялық операциялар. Бұл еліміздегі ең жақсы хирургтер басқаратын операциялық топтың жоғары біліктілігін көрсетеді.
  • Шетелдік медициналық туристерге арналған «Health is Here» бағдарламасының нәтижесінде жыл басынан бері ауруханада Қытай, Түркия, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Канада, Израиль, Хорватия, Италия, БАӘ, сондай-ақ ТМД елдерінен 613-тен аса медициналық турист емделді.
  • Албания Президенті Байрам Бегай мырза Қазақстанға ресми сапары аясында ауруханаға келді. Ол екі ел арасындағы медициналық қызмет көрсету саласында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, аурухананың жұмысымен, оның мүмкіндіктерімен және емдеу жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесімен қызығушылықпен танысты.
  • Аурухана дәрілік қауіпсіздік тақырыбына бей-жай қарамайтын 500 медицина маманы, сондай-ақ онлайн форматқа 3000 дәрігер қатысқан «Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі: әлемдік трендтер мен стандарттар» Қазақстан терапевтерінің Конгресін өткізді.


Аурухана серіктестері