Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы дәрігерлерінің Маңғыстаудағы жұмыс сапарының қорытындысы: 8 операция, 23 дәрігерлік кеңес, 9 дәріс

  13.11.2023
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы дәрігерлерінің Маңғыстаудағы жұмыс сапарының қорытындысы: 8 операция, 23 дәрігерлік кеңес, 9 дәріс

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» жобасы аясында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері Маңғыстау облысында бес күндік тәжірибе алмасу шарасына қатысты.

Сапар барысында ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары, жоғары санатты  нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев 17 маңғыстаулық тұрғынға дәрігерлік кеңес жүргізді.

Сонымен қатар ҚР ПІБ МО ауруханасы Эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Арсен Түсіпбаев 2 өңір тұрғынына операция жасап, 3 адамға дәрігерлік кеңес жүргізді. Сондай-ақ «Эндоскопиядағы заманауи зерттеу және емдеу әдістері» тақырыбында барлығы 22 әріптесі қатысқан 3 дәріс оқыды.

Гинекологиялық хирургия бөлімшесінің акушер-гинеколог дәрігері Әділ Адрешев гистерэктомия, миомэктомия, бедеуліктегі тубэктомия, киста және  кистэктомия және синехия бойынша 6 операция жасады.

Дербестендірілген геномдық диагностика зертханасының меңгерушісі Гүлшара Әбілдинова «Мақсатты препараттарды іріктеу үшін онкологиялық аурулардағы генетикалық зерттеулер» және «Генетикалық патологияны диагностикалаудың заманауи әдістері» тақырыбында 50 өңірлік дәрігерге 2 дәріс оқыды.

Терапия, ревматология, нефрология бөлімшесінің меңгерушісі Айжан Сәрсенбаева мен Клиникалық-фармакологиялық бөлімінің меңгерушісі Алтын Нұрпейісова 22 адамға 4 дәріс және 3 адамға дәрігерлік кеңес өткізді.

Сапар соңында ҚР ПІБ Медициналық орталығын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы және облыс әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Айта кетсек, ауруларды алдын алуда диагностикалау, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу, заманауи әдістерімен бөлісу мақсатында бүгінгі күнге дейін ҚР ПІБ МО делегациясы Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Атырау, Қостанай, Жамбыл облыстарында болды.  Бұл қатарды әлі еселеп, Қазақстанның барлық облысын білікті дәрігерлер құрамымен шарлау жобасы әлі де жалғасын табады. 











Аурухана серіктестері