Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Жамбыл облысындағы екінші күні қорытындыланды: 7 операция, 14 консультация, 4 дәріс

  27.09.2023
ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлерінің Жамбыл облысындағы екінші күні қорытындыланды: 7 операция, 14 консультация, 4 дәріс

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Жамбыл облысындағы сапардың екінші күнін сәтті қорытындылады.

Аурулардың алдын алуда диагностикалау, заманауи әдістерімен бөлісу, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу, күрделі операциялар жасаудағы жаңаша әдістермен бөлісу мақсатындағы іссапардың екінші күнінде ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары, жоғары санатты нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев 4 операция жасады және 8 тұрғынды жеке қабылдады.

Сонымен қатар іссапардың екінші күні Эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Арсен Түсіпбаев 3 күрделі операция жасап, «Эндоскопиядағы заманауи зерттеу және емдеу әдістері» тақырыбында аурухананың 8 дәрігеріне екі дәріс оқыды.

Жамбыл облысындағы 15 әріптеске №5 терапиялық бөлімшенің (терапия, ревматология, нефрология) меңгерушісі Айжан Сарсенбаева «Созылмалы бүйрек ауруы – терапевтің практикалық тәсілі. Бүйректің жедел зақымдануы – бастапқы дифференциалды диагностиканың кемшіліктері» тақырыбында 2 дәріс оқыды. Сондай-ақ 6 күрделі пациенттке консультация жүргізді.








Аурухана серіктестері