2016 жылғы 25-30 сәуірдегі Денсаулық мектебі бойынша ақпарат

25 мен 30 сәуір аралығында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында Денсаулық мектебінде кезекті сабақтар өтті. Сабақтарда: «Остеопорозды, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруларын, қант диабетін, жүректің ишемиялық ауруларын, артериалды гипертензиясын алдын алу (аурулардың себептері, белгілері, диагностика, профилактика, емдеу), салауатты өмір салтын, тиімді тамақтану принциптері» тақырыптары қарастырылады. .

2015.04.25-30-1


30 сәуірде «Белсенді ұзақ өмір сүру» денсаулық мектебінде жоғары санаттағы дәрігер-инфекционист Г.Т. Шаяхметова пациенттермен вирустық гепатитті алдын алу бойынша сабақтарды өткізді. Ол аурудың туындау себептерін, аурудың клиникалық пайда болуын, профилактика әдістерін және емдеу принциптерін ашты.

2015.04.25-30-2


Вирустық гепатит – әлемде аса таралған ауру. Шамамен 400 млн. адам – В гепатиті вирусын тасығыш, 700 млн. адамға дейін – С гепатитін тасығыштар.

2015.04.25-30-3


Таратылу жолдары: жыныстық жолмен таратылу (34%), күре тамыр арқылы есірткі қабылдау кезінду (9%), байланыстық-тұрмыстық жолмен (9%), стоматологиялық емшаралар кезінде жұғу (6,6%), оперативтік араласу нәтижесінде жұқтыру (6,3%). Тік жолмен (анадан балаға) жұғу мүмкіндігі 80-90% құрайды.

Клиникалық белгілері: ауру жасырын түрде өтеді және науқас ол туралы білмейді. Аса тән белгілері: жүрек айнуы, тәбеттің төмен болуы, эпигастриядағы ауыртпалық, кекірік, ауызда ащы дәмнің болуы, қарынның қампаюы, іштің қатуы, терінің қышынуы, сары ауру, терінің пигментациясы, ксантелазмалар, несептің қараюы, үлкен дәреттің ағаруы.

2015.04.25-30-4


А және Е вирустық гепатиттерін алдын алу:

Танымайтын бұлақ көздерінен суды ішпеу, тазалағы күмәнді су тоғандарында суға түспеу қажет. Бұл жазғы ыстық кезінде «көп адам баратын» жағажайларға, сондай-ақ, кәріз сулары ағатын су қоймаларына қатысты; элементарлық гигиеналық нормаларды сақтау және дәретханаға әрбір барған сайын, көшеден үйге кіргеннен кейін және тамақ ішер алдында қолды жуу; жайларда тазалықты қолдау міндетті; жеке гигиена заттарында бір ие болуы тиіс, оны қоршаған ортадағы адамдармен бөлісуге болмайды; жер алдында жеміс-жидектерді таза ағын сумен дұрыстап жуу міндетті; ешқашан да тыңайтқыш ретінде компостерленбеген қиды қолдануға болмайды.

В және С парентералды гепатиттерді алдын алу:

  • тәртіп мәдениеті, аз танитын адамдармен жыныстық қатынасқа түскен кезде – міндетті түрде мүшеқапты пайдалану;

  • қанға клиникалық талдау жүргізген кезде бірреттік құралдардың болуы; құралдар мен аспаптарды пайдалануға және дезинфекциялауға медициналық қызметкерлердің тарапынан қатаң бақылау;

  • гигиенаның жеке заттарын уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады (қырынуға арналған ұстара, қайшы, маникюр жасауға арналған жинақ); донорлық қанның сапасын бақылау;

  • косметикалық, маникюрлық және тату-салондарында жабдықтарды дезинфекциялау.

Вакцинация жүргізу аса тиімді профилактика ретінде саналады!