Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Диабет» денсаулық мектебі

Өзектілігі. Қант диабеті (бұдан әрі – ҚД) – Біріккен Ұлттар Ұйымын 2006 жылы барлық елдерді қант диабетімен күресуде бірігуге шақыратын №61/225 қарар қабылдауға итермелеген алғашқы жұқпалы емес аурулардың бірі.

Қазақстанда 15 жыл ішінде қант диабетімен ауыратын науқастардың саны 3,5 есе өсті. 2021 жылдың басында диспансерлік есепте 382 мың адам болды, оның ішінде: 30 мыңы - 1 типті қант диабетіне, 352 мыңы – 2 типті қант диабетіне шалдыққан пациенттер. Қант диабетімен ауыратындардың көбісі 40-59 жас аралығындағы еңбекке қабілетті жастағылар, бұл осы мәселенің әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді.

Сабақтың мақсаты – тыңдаушыларға ҚД, оның түрлері, асқынулары туралы, мысалы: гипо- және гипергликемиялық жағдай, гипогликемиялық кома, диабеттік аяқ, нысаналы ағзалар деп аталатын артериялар, жүрек, бүйрек, ми, көз сияқты осы патология кезінде бірқатар ағзаның зақымдануы туралы; қауіп факторлары және аурудың даму болжамдары туралы; қандағы қант мөлшерін өлшеу, пациент күнделігін жүргізу, ҚД-мен ауыратын науқастың дұрыс тамақтануы дағдыларын қалыптастыру.



Аурухана серіктестері